Саяси партияларға бюджеттен қанша бөлінеді?

Олжас Қасым

  • 29.02.2020

Биылғы 2020 жылы саяси партияларды қаржыландыру үшін қазынадан тоғыз миллион екі жүз елу сегіз мың жүз қырық теңге бөлінеді (9 258 140 000). Бұл қаражат «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 11 бабыбының 1) тармақшасына сәйкес және «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 18-1- бабының 3-тармағы негізінде беріледі.

Бұл ақшалар Қазақстанда тіркелген барлық саяси партияларға беріледі деген сөз емес. Қазақстан Республикасы Парламентінің мәжілісінен сайлауда орын алған саяси ұйымдар ғана ала алады. Және жеңімпаз партиялар жыл сайын алып отырады. Келесі сайлауға дейін.

Бір адамның дауысы қанша тұрады?

Сайлаушылардың бір дауысы сеніммен қатар саяси партияға қаражатта алып келеді. Қазақстандағы минималды еңбекақының 3% бір дауыстың құны. Мәселен биыл елімізде минималды айлық қырық екі мың  бес жүз теңге (42 500). Яғни бір дауыс мың екі жүз жетпіс бес теңге (1275) тұрады.

2016 жылы кезектен тыс өткен Қазақстан Республикасы Парламен мәжілісінің сайлауына алты саяси партияның түскені белгілі. Олар: Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Nur-Otan» халықтық демокартиялық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясы және «Бірлік» партиясы.

Естеріңізге салай кеетйік, «Nur-Otan» халықтық демокартиялық партиясы – 82,15%, «Ақ жол» демократиялық партиясы – 7,18 %, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы – 7,14 % алған еді. Қалған үш саяси партия екі пайыздан аса дауыс жинай алмай қалды.

Сол бір саяси додада «Nur-Otan» халықтық демокартиялық партиясы үшін алты миллион жүз сексен үш мың жеті жүз елу жеті сайлаушы дауыс берген (6 183 757). Демек билік партиясы биыл бюджеттен жеті миллион сегіз жүз сексен төрт мың екі жүз тоқсан теңге жүз жетпіс бес тиын (7 884 290 175) алады.

«Ақ жол» демократиялық партиясына бес жүз қырық мың төрт жүз алты мың қазақстандық өз дауысын (540 406) берген. Азат ПЕРУАШЕВ басқаратын саяси ұйым биыл өз бюджеттерін 689 017 650 теңгеге толықтырады.

Бес жүз отыз жеті мың жүз жиырма үш мың (537 123) адамның қолдауына ие болған Қазақстанның коммунистік халықтық партиясы 684 831 825 теңге алатын болады екен.

Орталық сайлау комиссиясының «Саяси партияларды қаржыландыру» ережесіне сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген қаражат партиялардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған жекелеген шоттарына түседі.

Бұл қаражатты не үшін пайдалану болмайды?

Бюджет қаражатын саяси партиялар сайлауалды үгіт-насихат жүргізуге, соның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеуге және сайлауалды көпшілік шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға, кандидаттардың көлік шығындарын өтеуге, сонымен қатар кәсіпкерлік қызмет жүргізуге, қайырымдылыққа пайдаланбайды, қаражат партия мүшелері арасында бөлінбейді.

Бюджет қаражатын пайдалануда саяси партиялардың бюджеттік және басқа да заңнаманы бұзғандығы анықталған жағдайда, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен саяси партияны қаржыландыру үшін қаражат бөлу тоқтатылатын болады.

Жалпы Қазақстанда саяси партиялардың бюджеті туралы ашық айтылмады. Және олардың интернет рессурстарынан қандайда бір ақпарат табу қиын. Партия мүшелерінен түсетін жарнаның ақшасының есебі де жария түрде айтылмайды.

Фото: camonitor.kz

Байланысты жаналықтар

Шымкенттегі кәрістер қауымдастығына 35 жыл!

20.10.2024

Асқар Садықовтың депутаттық креслосына Перуашевтың орынбасары жайғаспақ

24.09.2024

«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

21.01.2023

Әкесі азсынады, баласы жеп қояды... Бектаев қайтеді?

04.10.2022

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

25.01.2022

"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?

05.04.2021
MalimBlocks
Шымкенттегі кәрістер қауымдастығына 35 жыл!

Шымкент қалалық корейлер қауымдастығының бірқатар белсенді мүшелеріне Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табысталды

Асқар Садықовтың депутаттық креслосына Перуашевтың орынбасары жайғаспақ

«Ақ жол» партиясының бұрынғы мәжілісшісі мандатынан айрылған болатын

«Ауыл» қорықпайды, «Байтақ» мәжіліске бармақ

Жақында ғана тіркелген «Байтақ» партиясының жетекшісі Азаматхан Әміртайға  президент Қ.Тоқаевтың мәжілісті таратып, кезектен тыс сайлау тағайындау шешімі қуат бергендей.

Әкесі азсынады, баласы жеп қояды... Бектаев қайтеді?

"Ауыл" партиясы мен Қазақстан фермерлер қауымдастығы әріптестік меморандумға қол қойған. Одан кейін "Ауыл" партиясы күтпеген жерден Жигули Дайрабаевты президенттікке кандидат ретінде ұсынды. Енді ортаға киліккен мына дау бұл "достыққа" қалай әсер етеді?

Депутаттар “Нұр Отаннан” шығып жатыр

Семейлік екі депутат елдегі басқарушы партиядан көңілі қалғандарын айтып, өз еркімен партиядан кететіндерін мәлімдеді.

"Кешірім сұрамаймын":«Nur Otan» депутаттары мұғалімдерді тепкілеуге көшкен бе?