Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Саяси реформалардың жарқын көрінісі

Саясат
Саяси реформалардың жарқын көрінісі

Конституцияда «мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы - халық» деп жазылғаны мәлім.  Еліміздегі саяси реформалардың нәтижесінде бұл пайым  нақты  жүзеге асып жатыр. Соның бірі - бұқараның ұйғарымымен әкімдердің сайлануы.      Былтырдан бері  еліміз алғаш рет жергілікті билікті өзі сайлай бастады.

Саясаттанушы Мақсат Жақаудың айтуынша,  саяси реформалардың аясында, Президенттің бастамасымен қазақстандықтар 17 аймақта 45 ауданның және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлау арқылы анықтай алады. Бұл демократиялық жариялықтың арқасында жергілікті атқарушы билікті халық сайлайды деген сөз.

Мемлекеттік басқару  жүйесін орталықсандыру -  әділетті қоғам қалыпттыруға жол ашатын үрдіс.  Бүгін Орталық сайлау комиссиясының арнайы отырысында, әкімдерді 25 жастан жоғары, мемлекеттік қызметтегі еңбек стажына қарай, кез-келген саяси партияның, немесе өзін-өзі ұсынушылардың қатысуымен жүзеге асыратыны туралы айтылдыі. Яғни, сайланбалы қағидалар әділдік, ашықтық және заңдылық нормаларымен орындалмақ.

«Сондықтан тағайындалмалы әкімдердің орнына сайланбалы дәстүрмен аймақ менеджерлері, саяси тұлғалардың келеді. Саяси даму тарихымен айтсақ, бұл елімізде тұңғыш рет аудан мен қалалардың әкімдерін сайлауы өтпек. Демократиялық сатылай дамудың үлкен бір қадамы, әкімдер сайлауы болса, саяси реформалардың нәтижеге қимылдап отырғаны емес пе?!»,-дейді саясаттанушы.    

Саяси жаңғырудың негізгі мақсаты – біртұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Азаматтарымыздың әл-ауқатын   жақсарту, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Әкімдерді сайлау ісі – осы қадамдардың жарқын көрінісі деп қабылдауға болады.  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу