Сирияның болашақ көсемі кім? Оған сенуге бола ма?

Ұйым адамдарды өлтіруге немесе Ислам мемлекеті стандарттарын енгізуге ұмтылмайды, тек Сирияны құтқаруды көздейді.

Аялдар Күнтуған

  • 09.12.2024

                  Фото: ВВС

Сириядағы көтерілісшілердің шабуылын Әбу Мұхаммед әл-Джулани басқарады. Ол кім және неге ол прогрессивті жиһадшы саналады?

Сириядағы бүлікшілер алға жылжып, қалаларды басып алып, үкімет әскері қашуға мәжбүр болған сайын әлем «Хайят Тахрир аш-Шам» (көптеген елдер терреористік ұйым қатарына қосқан) атты топ туралы көбірек біле бастады. Бұл топ шабуылдың басында тұр. ВВС агенттігі топтың басшысы кім деген сұраққа жауап іздеген. Сол материалды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

 «Хайят Тахрир аш-Шам» тобын басқарушы Абу Мохаммед аль-Джулани бірнеше рет мәлімдеме жасап, этникалық азшылықтар мен Асадты қолдайтын халықтың, сондай-ақ Батыс елдеріндегі өзіне сенбейтіндердің қорқыныштарын сейілтуге тырысты.

Ол елдің барлық тұрғындарына тең қарым-қатынас пен орташа әлеуметтік және діни саясатты ұсынуға уәде берді.

 «Әл-Каиданың» шәкіртіне сенуге бола ма?

Абу Мохаммед аль-Джулани (туған аты Ахмед Хуссейн аль-Шараа) 1982 жылы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында инженер отбасында дүниеге келген.

Олар 1989 жылы Сирияға оралып, Дамаск маңына қоныстанады.

Оның Сириядағы балалық шағы жайында көп жайт белгісіз. Жихадшылар арасында танымал бола бастаған ол 2003 жылы 19 жасында Иракқа барып, «Әл-Каида» қатарына қосылды, өзі бұл шешімін «АҚШ-тың Иракқа басып кіруіне қарсы күресуді қалағанымен» түсіндіреді.

2006 жылы Иракта АҚШ әскерлерінің қолына тсүкен және бес жылға жуық уақыт түрмеде отырды.

Босатылғаннан кейін бірден «Әл-Каидаға» қосылып,Сириядағы ұйымның бөлімшесін құруды тапсырды. Бұл тапсырманы орындау үшін оған топтың ең тәжірибелі мүшелері көмектесті.

Тізе қоса кеңескен Ирактағы «Ислам мемлекетінің» жетекшісі болған Абу Бакр әл-Багдади (2019 жылы өлтірілді) мен аль-Джулани еді.

2012 жылы Сирияда «Джебхат ан-Нусра» деген топ пайда болды.

Бұл топ аль-Багдадимен үйлесімді әрекет ете отырып, Сирияның Асадқа қарсы наразылық білдірген аймақтарында ықпалды күшке айналды.

2014 жылы «Әл-Каиданың» еншілес ұйымы ретінде «Джебхат ан-Нусра» басшысы ретінде телеинтервью берген Абу Мохаммед аль-Джулани елді өз бақылауына алса, ол елде ислам заңдары өзінің интерпретациясы бойынша өмір сүретініне уәде берді. Сонымен қатар, ол елде азшылықтар, мысалы христиандар мен алавиттерге орын жоқ екенін ашық айтты.

Бұл сөздер қазіргі кезде сириялық азшылықтардың өкілдерін алаңдатып отыр.

Алайда аль-Джулани мен оның жақтастары бұл сөзді кезінде «Әл-Каидамен» байланыста болған адам ретінде айтқанын, ал қазіргі уақытта оның философиясы өзгергенін айтады.

Шынында да, 2016 жылдан бастап аль-Джулани «Әл-Каиданың» ықпалынан алыстай бастаған. Ол үшін жаһандық халифат құру идеясы тартымды болмады. Ол өз тобының Сирия ішіндегі ықпалын нығайтуды басты мақсат еткен.

Сол арқылы «Әл-Каиданың» филиалы саналатын «Джебхат ан-Нусра» ұйымынан аль-Джулани бастаған аздаған топ бөлініп, «Джабхат Фатех аш-Шам» деген атпен жаңа ұйым құрды.

2017 жылдың басында  Үкімет әскері Алеппо қаласын алғаннан кейін мыңдаған бүлікші Идлибке босып келді, аль-Джулани сол кезде осы аймақта тұрған болатын. Олар дерліктей тәжірибелі аль-Джулани маңына топтасып, нәтижесінде «Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымы пайда болды.

Сол кезден бері аль-Джулани өз ұйымын басқа қарулы топтардан бөлек көрсетуге барын салып, Сирияның тағдырындағы өз миссиясының ерекше екенін атап өтуге тырысып келеді.

«Хайят Тахрир аш-Шам» ұйымының негізгі мақсаты – Сирияны Башар Асадтың авторитарлық үкіметінен құтқару және «ирандық милицияларды» елден шығару.

Бұл ретте, Вашингтондағы Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығы атап өткендей, ұйымның мақсаттары арасында ислам заңдарының өз интерпретациясына сәйкес мемлекет құру сақталып отыр.

Бұл туралы аль-Джулани 2014 жылы «Аль-Каида» құрамында болғанда да айтқан болатын. Демек, оның философиясы сол уақыттан бері өзгермеген болуы мүмкін, бірақ ол қазіргі уақытта өз ұстанымын өзгерткенін көрсетуге тырысып жатыр ма?

Сириядағы белсенділердің, журналистердің және түрлі сириялық қауымдар өкілдерінің айтуынша, «Хайят Тахрир аш-Шам» өз бақылауындағы территорияларда қатаң билік жүргізіп, қарсы пікірлерді көтермейді.

Сириялық тәуелсіз журналистер ассоциациясы Syria Direct ұйымы бұл топ өздеріне қолдау көрсетпейтін белсенділерді қудалап және оларды азаптаумен айналысатынын хабарлады.

Әр түрлі құқық қорғаушы ұйымдар «Хайят Тахрир аш-Шам» бірнеше жылдан бері билік жүргізіп келе жатқан Идлиб аймағында саяси қарсыластарын азаптау оқиғаларын құжатқа түсірген.

Имидж жасау ма, көзбояушылық па?

Сарапшылардың пікірінше, 2021 жылдан бастап аль-Джулани өзінің ұйымының Батыс алдындағы имиджін жақсартуға күш салып келеді.

Ол бірнеше рет Батыс елдерінің «Хайят Тахрир аш-Шамды» террористік ұйым деп атайтынын дұрыс емес деп мәлімдеді. Оның сөздеріне қарағанда, ұйым адамдарды өлтіруге немесе Ислам мемлекеті стандарттарын енгізуге ұмтылмайды, тек Сирияны құтқаруды көздейді.

Ұйым өз бақылауындағы территорияларда әйелдерге бет-әлпетін толық жауып жүруге міндеттемейді, ал ер адамдардың темекі шегуіне рұқсат етілген.

Сонымен қатар, ұйымның жауынгерлері балаларды қорқытатын әрекет жасамау туралы ережеге бойсынулары керек.

Ұйымның интернет арналарында Идлиб пен басқа басып алынған территорияларда христиандардың өмірін қалыпты түрде сүріп жатқандығын, ешқандай қауіп-қатер мен шектеу жоқ екенін көрсететін бейнематериалдар көрсетіледі. Алеппо архиепископы Афрам Малуй жақында «дЖихадшылармен келісім бойынша, олар қалаға кіргеннен кейін, ғибадат орындары бұрынғыдай жұмыс істейді» деп мәлімдеген.

Аль-Джулани бірнеше рет Идлиб университетінің студенттеріне кездесіп, оларды болашақта мемлекеттің негізін қалайтындар деп санайтынын білдірген.

Өткен сейсенбіде «Хайят Тахрир аш-Шам» жетекшісі сарапшылар күтпеген, жихадшы-жауынгер ойына ұқсамайтын сөз айтты: «Әртүрлілік – бұл күш», – деп жариялады аль-Джулани.

Сирияда шабуылы әлі басылған жоқ. Сириядағы азшылықтар, құқық қорғаушылар және Батыс елдері жихадшылар өз сөздерінен бас тартпайды деп үміттенеді.

Байланысты жаналықтар

«Қайран, Алеппо!». Қала тұрғындары көзіне жас алды

23.12.2024

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

20.12.2024

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

11.12.2024

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

10.12.2024

«Біз режимді құлаттық!»: Сирия түрмелеріндегі сұмдықтар

09.12.2024
MalimBlocks
«Қайран, Алеппо!». Қала тұрғындары көзіне жас алды

Бейберекет бомбалаудың кесірінен жүздеген мың адам қаза тапты, бас сауғалап жан-жаққа босып кетті, халық тақыр кедейге айналды, есірткі саудасы қауіпті ауқымға жетті.

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

Сұхбат барысында азаматтық киім киген көтеріліс жетекшісі босаңсып, көзіне жас іркілді және өз ұйымының экстремистік кезеңнен өткенін, ондай шақтан толық бас тартқанын қайталаумен болды.

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

«Қорқыныш Асад режимінің кесіренен болды. Ел дамуға және қалпына келтіруге мұқтаж. Барлығы тұрақтылықты аңсайды», – деп қосты әл-Джулани.

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

«Біз режимді құлаттық!»: Сирия түрмелеріндегі сұмдықтар

«Ол [Асад] құлады. Қорықпаңыздар», – дейді бейнематериалдағы дауыс.