Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»
«Қорқыныш Асад режимінің кесіренен болды. Ел дамуға және қалпына келтіруге мұқтаж. Барлығы тұрақтылықты аңсайды», – деп қосты әл-Джулани.
Фото: ВВС
Осы аптаға дейін Мұхаммед әл-Башир Сирияның батыс-солтүстік аймағында көтерілісшілер бақылаған жерлерден тыс өңірде кеңінен танымал болмаған еді. Оның түйіндемесіне мән берсеңіз, ол электр инженериясы саласында білім алған және азаматтық соғыс басталғанға дейін газ өңдеуші зауыттарда жұмыс істеген, деп хабарлайды ВВС агшенттігі.
Қаңтар айында Башир «Сирияның құтқару үкіметі» деп аталатын құрылымның премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл үкімет көтерілісшілердің елдің солтүстік-батыс аймақтарын басқару үшін құрған билік құрылымы болды.
Шын мәнінде, бұл шағын баламалы мемлекет құрылымы министрліктер, департаменттер, сот және құқық қорғау органдары, сондай-ақ діни кеңеске ие болды.
Үкімет шамамен 4 миллион адам тұратын аумақты басқарды, олардың көпшілігі елдің басқа аймақтарынан келгендер еді.
«Идлиб – шағын аймақ, ресурстары аз, бірақ олар өте үлкен тәжірибеге ие, өйткені олар бәрін нөлден бастады», – деді шағын үкімет жетекшісі Абу Мұхаммад әл-Джулани дүйсенбіде Дамаскте өткен кездесуде бұрынғы премьер-министр Мұхаммед әл-Джалалиға.
Көтерілісшілердің жетекшісі Абу Мұхаммад әл-Джулани қоғамдық сөздерінде Ахмед әл-Шараа деген нақты атын қолданатын, бұған дейін ол Сирия халқына қатыгездік көрсеткен және әскери қылмыстарға жауапты болған бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерді қудалауға уәде берген болатын.
Сейсенбіде ол Sky News арнасына берген сұхбатында Сирияның болашағына қатысты алаңдаушылықты сейілтуге тырысып, ел соғыстан шаршағанын және енді қайта соғысты көксемейтінін айтты. Ол сондай-ақ өзге мемлекеттерді тыныштандыруға барын салды.
«Қорқыныш Асад режимінің кесіренен болды. Ел дамуға және қалпына келтіруге мұқтаж. Барлығы тұрақтылықты аңсайды», – деп қосты әл-Джулани.
Сейсенбіде БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Гейр Педерсен Женевада журналистерге сұхбат беріп, билікті бейбіт жолмен ауыстыру «Сирия қоғамының және сириялық партияларға аса маңызды» екенін айтты.
«Егер бұл орындалмаса, жаңа қақтығыстар көбейеді», – деп ескертті.
Еуропа Одағынан сыртқы саясат жетекшісі Кая Каллас конфессияаралық зорлық-зомбылықтың және экстремизмнің қайта оралу қаупі туралы ескертіп: «Біз Иракта, Ливияда және Ауғанстанда болған қорқынышты сценарийлердің қайталануына жол бермеуіміз керек», – деді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонның Сирияның болашақ үкіметін егер сенімді және инклюзивті процестің нәтижесінде құрылса, азшылықтарды құрметтейтін болса мойындайтынын және толық қолдайтынын жеткізді.
«Сирия халқы Сирияның болашағын анықтайды. Барлық елдер инклюзивті және ашық процесті қолдауға және сырттай ықпал етуден сақтануға уәде беруі керек», – деді ол.