Сербияның Нови-Сад қаласында теміржол апатының бір жылдығына орай мыңдаған адам еске алу митингіне шықты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
Associated Press агенттігінің хабарлауынша, шара билікке наразылық білдірудің ірі көрінісіне айналды. Қатысушылар 16 адам қаза тапқан қайғылы оқиға құрбандарын үнсіз еске алып, вокзал маңына гүл мен шам қойды.
Митингке елдің түкпір-түкпірінен келген адамдар қатысты. Кейбір қатысушылар апта бойы жаяу жүріп, шамамен 400 шақырым жолды еңсеріп Нови-Садқа жеткен.
Еуропалық комиссия өкілі Марта Кос бұл оқиға Сербия қоғамын ашықтық пен демократия жолында біріктіргенін атап өтті.