Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі

Қоғам
Қазақстанның 13 облысында қолайсыз ауа райы күтіледі
Фото: freepik.com

2 қарашада еліміздің 13 облысында ауа райының нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz. 
Ақмола, Алматы, Жетісу, Түркістан және Жамбыл облыстарында түнде және таңертең тұман күтіледі. Кей өңірлерде желдің екпіні секундына 15–25 метрге дейін жетеді. Түркістан мен Қызылорда облыстарында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысында түнде жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты. Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ күтіледі. Қостанай облысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады.

Маңғыстау, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Түнгі уақытта кей жерлерде -3…-5 градусқа дейін суытады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу