«Қайран, Алеппо!». Қала тұрғындары көзіне жас алды

Бейберекет бомбалаудың кесірінен жүздеген мың адам қаза тапты, бас сауғалап жан-жаққа босып кетті, халық тақыр кедейге айналды, есірткі саудасы қауіпті ауқымға жетті.

Malim Админ

  • 23.12.2024

Фото: РИА новости

Сирияның ең үлкен қаласы Алеппо соғыс кесірінен қирандылар шаөарына айналды. Соғыс жүздеген мың адамның өмірін қиды. Бұл туралы euronews.com сайты арнайы видео жариялады.

Асадтың билігін құлату көптеген сириялықтардың үміт отын жақты.

Алеппо тұрғындары Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың кезіндегі оқиғаларды қорқыныштарын еске алады.

Асадтың 24 жылдық билігі Сирияның ең үлкен қаласына айрықша дегредация әкелді.

Бейберекет бомбалаудың кесірінен жүздеген мың адам қаза тапты, бас сауғалап жан-жаққа босып кетті, халық тақыр кедейге айналды, есірткі саудасы қауіпті ауқымға жетті.

Қала тұрғыны Диаб қаланы бомбалап жатқан тұста, үйін тастап, өзге жаққа кетуге мәжбүр болған.

«Олар соққы жасау кезінде ешқандай таңдау жасаған жоқ. Жойғыш ұшақтар қаланың кез келген жеріне бомба тастап жатты», – дейді Обейд Диаб.

Доктор Диабтың көптеген таныстары осы бомбалау кезінде қаза тапты, соның ішінде оның тоғыз жасар жиені де бар еді, оны өз қолымен көзінен жас аға жүріп жерледі.

Көптеген адамдар түрмеге қамалды. Айдауға ұшырап, азапқа түсті. Алеппо тұрғыны Али өзінің негізсіз айыптармен тұтқындалып, қолына кісен салынғанын, адам төзбес қорлық көргенін айтады.

«Біз 2011-2016 жылдар аралығында осы үйде бомбалардың астында, қоршауда қмір сүрдік. Кейін Асадтың қылмыскер әскері келіп, бізді қарулы топтармен байланысы бар деп, түрмеге қамады», – дейді Али.

Алеппо тұрғындары өз үйлеріне оралып жатыр. Көбінің баспанасы қирандыға айналған. Сол маңды шиырлап, өз өмірлерінің ұмытылмас естеліктерін іздеп жүргендер көп.

Десе де, ола болашақтан зор үміт күтеді. Өздерінің өткенін тезірек ұмытып, байырғы Алеппосы, тарихи Алеппосы, бейбіт Алеппосы қалпына келсе екен деп армандайды.

Байланысты жаналықтар

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

20.12.2024

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

11.12.2024

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

10.12.2024

Журналистер Сирияда қаза тапқан 543 ресейліктің аттарын анықтады

10.12.2024

Сирияның болашақ көсемі кім? Оған сенуге бола ма?

09.12.2024

«Біз режимді құлаттық!»: Сирия түрмелеріндегі сұмдықтар

09.12.2024
MalimBlocks
ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

Сұхбат барысында азаматтық киім киген көтеріліс жетекшісі босаңсып, көзіне жас іркілді және өз ұйымының экстремистік кезеңнен өткенін, ондай шақтан толық бас тартқанын қайталаумен болды.

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

«Қорқыныш Асад режимінің кесіренен болды. Ел дамуға және қалпына келтіруге мұқтаж. Барлығы тұрақтылықты аңсайды», – деп қосты әл-Джулани.

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

Журналистер Сирияда қаза тапқан 543 ресейліктің аттарын анықтады

Сирияның болашақ көсемі кім? Оған сенуге бола ма?

Ұйым адамдарды өлтіруге немесе Ислам мемлекеті стандарттарын енгізуге ұмтылмайды, тек Сирияны құтқаруды көздейді.

«Біз режимді құлаттық!»: Сирия түрмелеріндегі сұмдықтар

«Ол [Асад] құлады. Қорықпаңыздар», – дейді бейнематериалдағы дауыс.