«Біз режимді құлаттық!»: Сирия түрмелеріндегі сұмдықтар

«Ол [Асад] құлады. Қорықпаңыздар», – дейді бейнематериалдағы дауыс.

Аялдар Күнтуған

  • 09.12.2024

                         Фото: РБК

«Ақ каскалар» атымен елге танымал  «Сирия азаматтық қорғаныс» ұйымы Дамаскінің маңындағы атышулы «Седная» түрмесінен көптеген тұтқындарды босатып, жерасты жасырын камераларында талай жыл отырғандарды тексеріп, іздестіріп жатқанын хабарлады, дейді ВВС агенттігі.  

X әлеуметтік желісінде белсенділер түрмеге бес арнайы топ жіберілгенін және олардың жоспары бойынша түрменің құрылысымен таныс адам көмектесетінін жазған.

«Командалардың құрамында іздестіру-құтқару бөлімшелері, қабырғаларды бұзу мамандары, металл есіктерді ашатын бригадалар, иттер мен дәрігерлер бар. Бұл командалар осындай күрделі операцияларды жүргізуге жақсы дайындалған», – делінген хабарламада.

«Седная» – елде көтерілісшілер билікке келгеннен кейін тұтқындары босатылған түрмелердің бірі.

Дамаск провинциясының билігі түрмелерден тұтқындарды босату жұмыстары жалғасып жатқанын айтады.

Дамаск муниципалитеті әлеуметтік желілерде құлатылған режимнің бұрынғы әскери қызметшілері мен түрме қызметкерлерінен тұтқындар камераларындағы электронды құлыптарға қол жеткізу үшін кодтарды беруін сұрады.

Олардың айтуынша, олар арнайы код болмаса, камераларды ашып, видеобақылау жүйесіндегі мониторларда көрінген тұтқындарды босата алмайды.

Әлеуметтік желілерде Сирияның әртүрлі қаласындағы түрмелерден босаған тұтқындардың бейнелері көбейіп келеді.

«Ол [Асад] құлады. Қорықпаңыздар», – дейді бейнематериалдағы дауыс. Бұл түрмеден босаған әйелдерді сабырға шақырып, олардың қауіпсіз екендігіне сендіруге бағытталған болуы мүмкін.  

AFP агенттігі тексерген видеодан сириялықтардың түрмеден босатылғандар арасынан өз туыстарының бар-жоғын білуге тырысып жатқанын көруге болады. Бұл түрмеде Асадтың билігі кезінде оппозицияның мыңдаған жақтастары азаптауға немесе атылуға ұшыраған деген болжам бар.

Көтерілісшілер Сирия қалаларын басып ала бастағанда, олар өз жолындағы түрмелерден тұтқындарды босатқан.

2011 жылы басталған азаматтық соғыс кезінде билік жүздеген мың адамды лагерлерде ұстаған, адам құқықтарын қорғау ұйымдарының айтуынша, көптеген адам азапталған.

Жексенбіде «Хайят Тахрир аш-Шам»* (HTS) ұйымы Хомс қаласын алғаннан кейін, олар әскери түрмеден 3500-ден астам тұтқынды босатқанын мәлімдеді.

Олар «Седная» түрмесіндегі тұтқындарды босатқан соң, «тирандық дәуірдің аяқталғанын» жариялады. Бұл түрме Асад дәуірінің қанқұйлы зұлымдығының символына айналған болатын.

2022 жылғы есебінде ADMSP «Седная» түрмесі «азаматтық соғыс басталғаннан кейін ісжүзінде өлім лагеріне айналды» деп жазды.

Белсенділердің бағалауы бойынша, 2011-2018 жылдар аралығында 30 мыңнан астам тұтқын атылған немесе азаптау, медициналық көмек пен тамақтың жоқтығынан қайтыс болған. Бостаылған тұтқындардың сөзінше, түрмеде 2018-2021 жылдар аралығында тағы 500 адам атылған.

2017 жылы Amnesty International «Седная» түрмесін «адамзаттың қасіреті» деп сипаттап, ату жазасына кесілгендердің саны рекордтық көрсеткішке жеткенін мәлімдеді.

Сол уақытта сирия билігі бұл айыптауларды негізсіз деп атады және өлім жазасы заңды рәсімдерге сәйкес жүргізілетінін айтты.

Reuters жариялаған видеода бүлікшілер «Седная» түрмесінің қақпасының құлпын оқпен бұзып, камералардың есіктерін ашу үшін қару пайдаланып жатқанын көруге болады.

Дамаскіде түсірілген деп болжанған басқа бір кадрда босатылған тұтқындардың көшеде жүгіріп бара жатқаны көрсетілген. Олардың бірі өтіп бара жатқан адамдардан не болғанын сұрайды.

«Біз режимді құлаттық», –деп жауап береді олар, бұлсөзге тұтқын балаша мәз болады.

Асадтың режимі репрессиясының табиғатын ашатын символдарының ішіндегі ең ұзақ әрі қанқұйлысы – түрмелер желісі, онда билікке қарсы пікір білдіргендерді қамап, аяусыз азаптаған.

«Седная» түрмесінде азаптау, жыныстық зорлық-зомбылық және жаппай ату мыңдаған адамның тағдырына айналды. Көптеген адам түрмеден шықпай қалды, ал олардың отбасы ұзақ жылдар бойы тірі не өлі екенін білмеді.

Тұтқыннан босаған  Омыр ВВС-ге жексенбі күні түрмедегі үш жылы туралы, жасөспірім кезінде бастан өткергені жайында айтып берді.

«Мен сенің де басыңнан өтуі мүмкін азапты, жалғыздықты және үмітсіздікті жақсы білемін, өйткені әлем сенің қиналғаныңды көріп тұрса да ештеңе істемейді, – дейді ол.  – Олар менің сүйікті ағамды, мені аяусыз азаптады. Мен олардың қинауымен өз ағамды азаптауға мәжбүр болдым. Егер біз бас тартсақ, екеумізді де атып тастайтын еді».

Ұлыбританияда орналасқан Сириядағы адам құқықтарын бақылау орталығы (SOHR) 2011 жылдан бері осындай жағдайда 130 мыңнан астам адамның қамалғанын есептеді. Алайда, бұл қорқынышты мекемелердің тарихы әлдеқайда терең.

Азаптау, өлтіру, қорлаудың жүйелі механизмінің себебеінен әкелі-балалы Асадтарды, олардың отбасын Сирия қатты жек көреді. Бұл механизм халықты қорқыту және оларды бағындыру үшін қолданылды.

Сондықтан да бүлікшіл топтар Сирия бойынша жедел шабуылдарын жүзеге асыра отырып, әрбір басып алған қаласында міндетті түрде орталық түрмеге барып, онда қамалған мыңдаған адамды бостандыққа шығарды.

Бұл адамдардың қараңғыдан жарыққа, түнек тірліктен бостан өмірге шығуы сириялық режимнің құлауының бірегей символы болатыны сөзсіз.

Байланысты жаналықтар

«Қайран, Алеппо!». Қала тұрғындары көзіне жас алды

23.12.2024

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

20.12.2024

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

11.12.2024

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

10.12.2024

Журналистер Сирияда қаза тапқан 543 ресейліктің аттарын анықтады

10.12.2024

Сирияның болашақ көсемі кім? Оған сенуге бола ма?

09.12.2024
MalimBlocks
«Қайран, Алеппо!». Қала тұрғындары көзіне жас алды

Бейберекет бомбалаудың кесірінен жүздеген мың адам қаза тапты, бас сауғалап жан-жаққа босып кетті, халық тақыр кедейге айналды, есірткі саудасы қауіпті ауқымға жетті.

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

Сұхбат барысында азаматтық киім киген көтеріліс жетекшісі босаңсып, көзіне жас іркілді және өз ұйымының экстремистік кезеңнен өткенін, ондай шақтан толық бас тартқанын қайталаумен болды.

Сирия үкіметінің жаңа басшысы: «Ел соғыстан шаршады»

«Қорқыныш Асад режимінің кесіренен болды. Ел дамуға және қалпына келтіруге мұқтаж. Барлығы тұрақтылықты аңсайды», – деп қосты әл-Джулани.

Сирия жаңа үкімет құрып, басшысын таныстырды

Журналистер Сирияда қаза тапқан 543 ресейліктің аттарын анықтады

Сирияның болашақ көсемі кім? Оған сенуге бола ма?

Ұйым адамдарды өлтіруге немесе Ислам мемлекеті стандарттарын енгізуге ұмтылмайды, тек Сирияны құтқаруды көздейді.