Журналистер Сирияда қаза тапқан 543 ресейліктің аттарын анықтады

Фото: «РИА новости»
Сирияда 2015 жылдан бері кемінде 543 ресейлік әскери қызметкер, барлау қызметінің қызметкерлері және «Вагнер» жеке әскери компаниясының жалдамалы сарбаздары қаза тапты, деп хабарлады «Голос Америка» сайты.
Бұл мәліметтер ашық дереккөздер негізінде есептелген. Алайда, бұл деректер толық емес, өйткені қазақ тапқандардың жай-жапсары ашық жарияланбайды.
Қаза тапқандар арасында арнайы мақсаттағы күштердің офицерлері мен сарбаздары, оның ішінде «Альфа», Арнайы операция күштері, ГРУ-дың арнайы жасақтары және әуе десанттары бөлімшелерінің қызметкерлері бар. Сондай-ақ, кемінде 20 әскери ұшқыштың қаза тапқаны белгілі. Қайтыс болғандардың 346-сынан көбі «Вагнер» тобының құрамында қызмет еткен.
Ресей Сириядағы соғыста 116 әскерінің қаза тапқанын ресми түрде мойындады. Соңғы ресми мәлімдемені Ресей Қорғаныс министрлігі 2019 жылдың көктемінде жасаған болатын. Содан бері қаза тапқандардың саны өсті.
Соңғы рет Ресейдің арнайы жасақтарының Сириядағы шайқастарда қаза тапқаны туралы ақпарат 2019 жылдың қараша айында жарияланған. Бұл кезде Башар Асадтың режимін қолдайтын жауынгерлер қарсы тараптың соққысынан қаза тапқаны хабарланған еді.
MalimBlocks
