Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік: «Маминге қылмыстық іс қозғалмайды»

Мамин Үкіметті басқарған жылдары халықтың көңілін көншітерлік жұмыс атқарған жоқ.

Malim Админ

  • 13.05.2022

Қасіретті қаңтар оқиғасынан кейін отставкаға кеткен экс-премьерге қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ. Орталық коммуникацилар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналист сұрағына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілі осылай жауап берді.  


Агенттік төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов  «Бірден айтайын, Асқар Маминге қатысты біздің агенттікте қылмыстық іс жүргізіліп жатқан жоқ», - деді.  Журналистер бұл сұрақты бекерден бекер  қоймаса керек.  Мамин Үкіметті басқарған жылдары халықтың көңілін көншітерлік жұмыс атқарған жоқ. Үкімет ылғи да келеңсіздіктер мен қиындықтарға тап бола берді. Соның бірі Арыстағы алапат жарылыс. 2019 жылы Арыс қаласы маңындағы әскери қоймада жарылыс болып, адамдар көз жұмды.  

Келтірілген шығын 173 млрд теңгеге жеткені мәлім. Мамин Үкіметі тосыннан болған оқыс оқиғаға дайын болмады. Дүрліккен елді   уақытша орналастыру және олардың әлеуметтік мәселесін шешу бірнеше күнге созылып, халық наразылығын өршіткені есте. Былтыр Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қойманың жарылысы да Маминнің билігі кезінде орын алды.

Енді оған коронавиру кезіндегі қиын ахуалды қосыңыз. Науқастан титықтаған жұрт бір жұтым ауаға зар болып, жасанды тыныс алдыру аппараттары қоймада қатталып тұрды. Салдарынан қаншама тұрғын ажал құшты. 

Мамин  «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясын да шығынға батырып, тұралатып кетті. Есеп комитетінің мәліметінше, 2020 жылы  «Қазақстан темір жолының»   қарызы  1 триллион 486,1 миллиард теңге болды.  Былтыр компанияның сыртқы қарызы 1,9 трлн теңгеге жетіп жығылды. Бұдан бөлек,    пойыз билеттеріне алыпсатарлық жасалып,   бағасы қолдан  көтерілді. Тозығы жеткен вагондар да халықтың жүйкесін құртып бітті. Өткен жылы жолаушылар вагондарының   28 пайызы әбден ескіргені белгілі болды. Тіпті  20 жылдан астам уақыт  қолданылып жүрген жолаушылар вагондары халық сынына ілікті.

ҚТЖ   автожол секторы, әуежайлар,  халықаралық «Қорғас» шекаралық ынтымақтастық орталығының табысын алып отырды. Соңғы бес-алты жылда осы компанияға 171 млрд теңге мемлекеттік субсидия  бөлініп келді. Кейінгі кездері халықтың зейнетақы қорынан да теміржол саласына көп мөлшерде  қаржы құйылғаны белгілі.

Бәрін айт та бірін айт, оңтүстікте 300 мың тонна қырыққабат бұзылып кеткенде оны көму үшін 2 млрд теңге қаржы жұмсаған Маминді қалай ақтайсыз?! 

Елдің игілігін сүлікше сорып, бұқараны үнемі қиындыққа батырған экс-министрге халықтың сұрауы бар?  Экономиканы құрдымға кетіріп, әлеуметтік ахуалды ушықтырып,  газ бағасын шарықтатып, оның соңы трагедияға жалғануына бірден-бір себепкер адам қалайша сүттен ақ, судан таза болып жүре береді?    

О.Әбіл   

 

Байланысты жаналықтар

ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

14.05.2025

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

10.04.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

19.03.2025
MalimBlocks
ЖЭС-тің ақшасын желге ұшырған шенеунік сотталды

Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған

Білім саласының тағы 11 қызметкері жемқорлық үшін сотталды

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

Тоқаев Антикор басшысына бірқатар тапсырма берді

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды