Таубаев сотталды, бос жатқан Досмұхамбетов не істейді?

Екі жарым жылдан аса тергелген жемқорлық ісі бойынша шешім шықты. Енді не болады?

  • 17.05.2022

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев 10 жылға бас бостандығынан айрылды. Рас, әлі бұл үкім заңды түрде күшіне енген жоқ, бірақ, Атырау облыстық мамандандырылған ауданарлық соты осындай шешім шығарды.

2020 жылдың 10 қыркүйегінде ұсталған Таубаев соттағы соңғы сөзінде кінәсін мойындамады. Ол бұған дейін де айтып келген сөзін қайталап, өзін пара алу ісі іске асқаннан бір сағат бұрын тергеушілердің ештеңе түсіндірместен алып кеткенін айтты.

«Құрметті сот, маған бәрі өте түсінікті. Сіз айтқан үкім сөзбе сөз, үтір-нүктесіне дейін прокурордың айыптау актісінен алынған. 10 қыркүйек күні жемқорлыққа қарсы қызмет мені алдап жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына алып келді. Басаров жасады деген қылмыстан бір сағат бұрын, қайталап айтам, алдап әкелді және бір сағатқа дейін маған ештеңе түсіндірген жоқ, ешқандай құқымды талап етуге мүмкіндік берген жоқ. Бұл қылмыс жасалардан бір сағат бұрын болған оқиға, назар аударуларыңызды сұраймын. Тек ертеңіне ғана маған пара алдың деген айып таға бастады», - деді.

Оқи отырыңыз: Ұсталған шенеунік: Ноғаевпен сыйыспадым

Таубаев айтып отырған Басаров – облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров. Ол соттан бұрын Таубаевты кінәлап, пара алуға итермелегенін жіпке тізгендей қылып айтып берген. Сөйтіп, аурухана салуға бөлінбек ақшадан 10% «шапка» сұраған қос шенеунік сот шешімі шығар қарсаңда бір бірін айыптай сөйлеген. Екі жарым жылдан астам уақыт бойы тергеліп келе жатқан Таубаев-Басаров 185 млн теңге пара алды деген айыптаумен басталған. Бірақ, екі жарым жыл бойы кінәсін мойындамай, сот ісін барынша созып келген Таубаев ақыры 10 жылға, Басаров 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

Үкім заңды күшіне қашан енеді, аталған екі экс-шенеунік қашан «қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге» ауыстырылады, белгісіз. Және тағы бір белгісіз мәселе – о баста Таубаев ұсталғанда отставкаға кетуге дайын екенін айтқан Досмұхамбетов енді қайтеді? Ол сол кезде қолданысқа енгізілген жаңа заңға сәйкес:

«Заң бәріне ортақ. Егер орынбасарымның қылмысы дәлелденіп, сот шешімі шығар болса, өз еркіммен отставкаға кету үшін өтініш жазуға дайынмын. Ал әрі қарай шешімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды», – деген.

Сот шешімі шықты. Ол онсыз да бос жатыр, 7 сәуір күні орнына Серік Шәпкенов тағайындалған соң, Атыраудың бұрынғы әкімі басқа бір орынға тағайындалды дегенді естімедік. Демек, оған отставка туралы қауіптенудің реті жоқ. Бірақ, бұрын осылай деп едім ғой деп, арнайы бір мәлімдеме жасай салса... Қанша дегенмен, ұсталғанына екі ай өткенде "облыс әкіміне күмән тумас үшін" қызметінен өз еркімен бас тартқан орынбасары еді ғой. 

Дегенмен, Таубаев мұнымен тоқтамаймын деп отыр. Бұған дейін тіпті, президентке дейін шығатынын, өзінің кінәсіздігін дәлелдемей тоқтамайтынын айтқан: «Бұл істің артында кім тұрғанын да білемін. Өзімнің кінәсіздігімді дәлелдеймін. Тіпті, президентке дейін барамын».  Және дәл осы мәлімдемесінде Атыраудың Досмұхамбетовтен бұрынғы әкімі Нұрлан Ноғаевты да іліп-шалып өткен. «Суға кеткен тал қармайды», Таубаев Маңғыстауда отырған аттасының жағасына жармасар ма екен әлде 5 айға жуық бірге жұмыс істеген, қазір бос жатқан Досмұхамбетовке қол созар ма екен? «Бұл істің артында кім тұрғанын білетін» «кінәсіз» экс-шенеуніктің үнсіз ғана 10 жыл арқалап кетуі мүмкін емес сияқты. 

Фото: Рахим Койлыбаев

Байланысты жаналықтар

Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

21.12.2024

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бір жылға жетпей қызметінен алынды

21.12.2024

Бергей Рысқалиевтің Қазақстандағы бизнес-активтері

20.12.2024

Сирия лагеріндегі орыс әйелдерінің ертеңі не болмақ?

20.12.2024

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

20.12.2024

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады

20.12.2024
MalimBlocks
Серік Жұманғарин Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды

Ол бұған дейін министрлікті басқарып келген Нұрлан Байбазаровты алмастырды

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бір жылға жетпей қызметінен алынды

Ол президент Жарлығымен лауазымынан босатылды

Бергей Рысқалиевтің Қазақстандағы бизнес-активтері

Сирия лагеріндегі орыс әйелдерінің ертеңі не болмақ?

ВВС-ге Сирияның жаңа көсемі сұхбат берді

Сұхбат барысында азаматтық киім киген көтеріліс жетекшісі босаңсып, көзіне жас іркілді және өз ұйымының экстремистік кезеңнен өткенін, ондай шақтан толық бас тартқанын қайталаумен болды.

Мемлекет басшысы Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидті қабылдады