freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті

Оқиға
Ақтөбе облысында жасөспірім суға батып кетті
Фото: gov.kz

Ол Әйтеке би ауданы Аққұм ауылында шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бүгін, 2026 жылғы 23 шілдеде болды. Жасөспірімнің денесін судан құтқарушылар алып шықты.

Департаменттің мәліметінше, биыл маусым айынан бастап мұндай қайғылы оқиғаларды есепте алу тәртібі өзгерді. Тек мемлекеттік есепке жататын су айдындарындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай тіркеледі.

—  11 шілде күні Ақтөбе қаласының Алматы ауданындағы Сазды өзеніне 1984 жылы туған ер суға батып кетті. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оның денесін жағадан шамамен 30 метр қашықтықтан, 3 метр тереңдіктен алып шықты. Сол күні Қобда ауданы Қарақұдық ауылдық округіне қарасты Көктоғай ауылы маңындағы Қарақобда өзенінде де қайғылы жағдай тіркелді. Алдын ала мәлімет бойынша, 1990 жылы туған азамат шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Оның денесін сол жердегі адамдар шығарды, — деп хабарлады ведомствоның  баспасөз қызметі.

Демек, ресми дерек бойынша Ақтөбе облысы бойынша табиғи сипаттағы екі төтенше жағдай тіркеледі.

Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, жабдықталмаған және шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түспеуге, сондай-ақ балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмауға үндейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу