freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық +42 градусқа дейін жетеді

Экология
Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық +42 градусқа дейін жетеді
Фото: pixabay

24 шілде, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Malim.kz.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, шығыс, орталық және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты нөсер күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғып, бұршақ жаууы және тұман түсуі мүмкін.

Сонымен қатар еліміздің батысында аптап ыстық сақталады. Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Қостанай облысының оңтүстігінде ауа температурасы +35…+39 градусқа дейін көтеріледі. Ал Маңғыстау облысында сынап бағаны +42 градусқа дейін жетеді.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің көптеген өңірінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Әсіресе оңтүстік, батыс, шығыс және орталық облыстарда сақтық шараларын күшейту қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу