Астанада нөсер жаңбырдан кейін су басқан көшелерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Malim.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар коммуналдық қызметтермен бірлесіп су жиналған учаскелерде жұмыс жүргізіп жатыр. Мамандар су құрсауында қалған көліктерді эвакуациялап, сүйреп шығаруда, сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз жерге шығуына көмектесіп, жол қозғалысының қалыпқа келуін қамтамасыз етуде.
Қазіргі уақытта авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.
ТЖМ елорда тұрғындары мен қонақтарын аса қажеттілік болмаса, су басқан жолдарға шықпауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.