freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды

Әлем
Әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынды
https://www.pnp.ru

Франция парламенті 15 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салатын заңды түпкілікті қабылдады. Осылайша Франция Еуропалық одақтағы мұндай шектеуді енгізген алғашқы мемлекет атанды, деп хабарлайды Malim.kz.

Заң жобасын Сенат та, Ұлттық жиналыс та басым дауыспен қолдап, енді оның күшіне енуі үшін Конституциялық кеңестің қорытындысы қажет.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге жаңа әлеуметтік желі аккаунттарын ашуға тыйым салынады. Ал бұған дейін тіркелген аккаунттар төрт айлық өтпелі кезеңнен кейін, яғни 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жабылады. Әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын сенімді түрде тексеретін жүйе енгізуге міндеттеледі. Сонымен қатар, білім беру платформалары, онлайн энциклопедиялар мен ашық бастапқы кодқа негізделген кейбір сервистерге бұл талап қолданылмайды.


Президент Эммануэль Макрон бұл бастаманы балалардың психикалық денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды қадам деп бағалады. Франция билігінің айтуынша, әлеуметтік желілердегі кибербуллинг, зиянды контент және экран алдында ұзақ уақыт отыру балалардың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан мемлекет цифрлық ортадағы жасөспірімдерді қорғауды күшейтуді көздейді.


Заң Еуропалық одақтың цифрлық қызметтер туралы ережелерімен үйлестіріліп әзірленген. Францияның бұл қадамы Еуропаның өзге елдеріне де үлгі болуы мүмкін. Бұған дейін әлемде алғаш болып Австралия 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануына шектеу енгізген еді, енді Франция Еуропада осы бағыттағы алғашқы мемлекет ретінде тарихқа енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу