Тәуелсіз адвокат: «Қаңтар ісі бойынша амнистиямен босаған адам көрмедім...»

268 бап – бандитизм, 269 бап террористік шабуыл жасау деген айыптар тағылды

Олжас Қасым

  • 05.01.2023

Қаңтар оқиғасына қатысы бар азаматтар Мемлекет бекіткен адвокаттардан опық жеген соң, тәуелсіз қорғаушыларға жүгінген. Солардың бірі – адвокат Жалғас Сапархан.  Бүгінгі дейін ол 40-тан астам қаңтар құрбанына құқықтық көмек көрсеткен. Жәбірленушілер мен құқық қорғау органдарының арасында жүрген маманмен жыл бойғы процестердің барысы туралы сұрадық.

ҚАМАУҒА АЛЫНҒАНДАР БҰРЫН СОТТАЛМАҒАН     

- Жалғас Серіпханқызы, 1 жыл бойы Қаңтар оқиғасында зардап шеккен азаматтар Сізге құқықтық көмек бойынша жүгінді. Осы процестердің бел ортасында жүрдіңіз.  Қандай шешімдер шықты, оң нәтиже бар ма?  

Маған құқықтық көмекке жүгінген азаматтардың жазықсыз,  заңсыз қамалғанына көзім жетті. Саяси тұтқындар,  қоғам белсенділерінің дені қарапайым қазақтар. Олар-мұғалімдер, дәрігерлер,  студенттер. Бір анығы-қамауға алынғандардың барлығы да бұрын сотталмаған  және бұған дейін саяси белсенді ретінде көрінбеген азаматтар. Қаңтар оқиғасында олар елінің, жерінің қамы үшін алаңдап алаңға шыққан.

- Қараша айында Президент Тоқаев  рақымшылық актісін жариялағаны белгілі. Бұл заңның айыпталушы азаматтарға қандай да бір көмегі тиді ме? 

Рақымшылық туралы заң шыққанға дейін айып арқалағандар бір ғана бап бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 272 бабымен-жаппай тәртіпсіздікке қатысты тергеуге алынды. Бұл бап бойынша адвокаттар, құқық қорғаушылар  азаматтар рақымшылыққа ілігеді деп қуанған еді. Тергеу қызметкерлері де солай деп мәлімдеді.

РАҚЫМШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЗАҢ ХАЛЫҚТЫҢ ЕМЕС, БИЛІКТІҢ ПАЙДАСЫНА ЖАЗЫЛҒАН

3-қараша күні заң күшіне енді.  Алайда, құқық қорғау органдары 272 баптың 2-бөлігі сотта ғана қолданылады, біз қолданбаймыз деп шықты. Бап бойынша айыптылар ісі сотқа жолданды. Азаматтардың істері сотқа жақындап қалған кезде көбісінің түзеу мекемесінде отырғанына 9-10 айға жуықтап қалған болатын.  Енді бірі үйқамаққа жіберілді.  Олар шықса да мойындарында  272-баптың 2-бөлігі ілінген еді, бірақ желтоқсан айының басынан бастап 272-нің 2-бөлігі бар жандардың барлығына қосымша баптар енгізіле бастады.  268 бап – бандитизм, 269 бап террористік шабуыл жасау деген айыптар тағылды. Бұл баптар Рақымшылық жасау туралы заңда жоқ.  Қазір басына қосымша баптар ілініп отырған азаматтардың бірі - 16 жыл тарих пәнінің мұғалімі болған Қалас Нұрпейісов.  Нұрпейісовке жедел тергеу тобы «террорист» (269-бап, 3-бөлік), «ұйымдастырушы» (272-бап 1-бөлік) деп айып таққандыққан, бұл іс бойынша кінәсіз екенін айтып араша сұрады. Ол 5-қаңтар күні 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады.  Сол күні арнайы ұстау мекемесінен журналист Айгерім Тілеужан екеуін шығарып тастайды. Артынан олар алаңға барар жолда халықтың басқа бағытпен, яғни әуежайға кетіп бара жатқанын көреді. Қалас пен Айгерім өздерінің мамандығы бойынша материал жинау үшін бұқараның соңынан ерген. Ақыры екеуіне жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырушы деген айып тағылды. Көп ұзамай, 269 – ғимаратқа, құрылыс объектілеріне шабуыл жасады деген бап аясында қылмысқа қатысты деп шығарған.  Ал екі тұлғаның ондай қылмысқа қатыспағанын анықтадық. Өздері әкімшілік қамауда жатса, байланыс аясынан тыс жерде жүрсе қандай тәртіпсіздікті ұйымдастырады, шабуылды қалай жасайды?  Осылайша билік халықты алдап, өз жоспарын орындады. Алдауға, арбауға түсіп қалған өзіміздің қаракөз қазақтар.

- 23 желтоқсаннан бастап осы азаматтарға қатысты сот процесі басталды. Тергеу қалай жүргізілді?  

- Иә, желтоқсанның соңына таман  сот процесі бастау алды. Бірақ, тергеу ісі  біржақты жүргізілді. 272 баптың 1-2-3 бөліктері бойынша іс қарауға алынды. Сотта қылмыстылығы тексеріліп жатқандардың ішінде менің қорғауымдағы  Ғалымбек Бисаев деген азамат бар. Ғалымбекті қаңтарда полицейлер қинап, қол-аяғын сындырып, азаптаған. Оған байланысты 272 баптың 2-бөлігі бойынша  іс қозғалған еді. Сөйтіп, қылмыстық белгі болмағасын  272 баптың 3 -бөлігімен тергеді. Тергеп-тексеру барысында амнистияны қолдасақ, іс қысқаратын еді. Алайда, қорғауымдағы азамат «мен амнистияны қабылдауға қарсымын,  ақталғым келеді» деген талап қойды. Мен оны қуана қолдадым. Біз ол істі сотқа жеткізіп отырмыз. Тергеп-тексеру органдары сараптама, видеоларды негізге алып жатыр. Десек те, оның қылмыс белгілері жоқтығына көзім жетті. Тәуелсіз сарапшы маманға жүгініп, қорытындысын алдық. Олар шақырту белгісі жоқ деген шешім шығарды.

АЛАҢҒА ЖІБЕРМЕУ ҮШІН ОНЛАЙН СОТ ПРОЦЕСІН БҮГІНГЕ ҚОЙДЫ   

- Сонда амнистия  кімге, не үшін керек? 

-Бүгін 5-қаңтар, сағат 10:00-ге 25 адамды, айыпталушыларды, адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылардың бәрін онлайн сот процесіне қатыстырып отыр. Алаңға шықпасын деп істеп отыр мұны олар. Әйтпесе Орталық алаңға құрбандарға тағзым етуге барушы едік. Оған жібермей, процесті әдейі осы уақытқа сәйкестендіріп қойған деп ойлаймын. Дәл қазір онлайн сот процесі жүріп жатыр. Бүгін прокурор айыптау актісін жариялап жатыр. Бірақ мен және қорғауымдағы азамат бірінші процеске офлайн режимде қатыстық. Сот отырысы 9-11 қаңтар күндері тағы жалғасады. Прокурордың айыптау актісі 305 бет екен, соны оқып болғанша отырамыз. Сот процесінен байқағаным, «қорғаушылар прокурорға  айыпталған азаматтарға 272 баптың 2—бөлігін, рақымшылықты  қолданыңыз» десе, прокурор мен сот «қазір қолдануға негіз жоқ, соттың аяғында көре жатамыз»,-деп түлкібұлаңға салып отыр. Сонда амнистияны кімге, не үшін жасағаны қазірден белгілі болып қалды. Бұл қарапайым халыққа емес, билік өкілдерінің өзіне, яғни әскери қызметшілерге, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің  пайдасына жасалған жоба екені анық.

ӨЖЕТ ЖЕҢІСХАН МЕН БАҚЫТ ОҢТАЙДЫ БОСАТПАЙ ОТЫР  

- Рақымшылық бойынша босап шыққан азаматтар саны қанша? 

-Қарашадан бері 1 азаматтың амнистия бойынша босап шыққанын өз басым естіген жоқпын. Қорғауымда Жеңісхан Өжет пен Бақыт Оңтай деген 2 азамат бар. Қаңтар оқиғасы бойынша ең бірінші болып 5 жылға сотталған балалар. Рақымшылық бойынша іс қысқыртылды деп сотқа бізді де қатыстырмады. Дегенмен жаза мерзімі қысқартылды дегенді айтты. Амнистия заңы бойынша айыпталушылар 1 жыл мерзім жазасын өтесе босатылады деген. Алайда, сол норманы құқық қорғау мекемелері қолданып жатқан жоқ.  Екі азаматтың наурызға дейін 3 ай уақыты қалған болатын. Мерзімдері қысқартылса да оларды жібермей, абақтыда  ұстап отыр.  Біз екеуін шартты түрде босатуға өтініш хатымызды 2-3 желтоқсанда беріп қойғанбыз. Бір айдан асып кетті, хабар жоқ. Өтініш қарала ма, қаралмай ма белгісіз. Әлі ұстап отыр. Кеше кешке аналарынан естідім, мекеме қызметкерлері оны 11-қаңтарда қарауы мүмкін.

- Жыл басынан бері қанша адамды қорғауға алдыңыз? 

- Жыл бойы Қаңтар ісі бойынша 40-тан астам адамды, одан бөлек әкімшілік істер бойынша да он шақты азаматты қорғадым. Қазір 188,291 баппен айыпталған 2 адам жазасын өтеу мекемелеріне ауыстырылды. Қалғандары 1 жарым-2 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза алды. Қорғауымдағы 10 азаматтың ісі аяғына жетіп қалды. Олардың іс-әрекетін саралау туралы қаулыны алдық. Қазір бәрінің істемен танысып жатырмыз. Содан кейін айыптау актісін алады. Ол сотқа кетеді. Мүмкіндігімізше, оларды ақтап алуға, істерін қысқартуға тырысамыз.

- Қаңтар оқиғасы кезінде мерт болған адамдардың туыстары Сіздің қызметіңізге жүгінді ме?

- Маған хабарласты. Қайтыс болған азаматтардың істерін әріптестерім жүргізіп жатқаннан кейін шағымданушыларды соларға қарай бағыттадым. Жаңа айтып өткенімдей, 25 азаматтың ісі қаралып жатыр ғой. Соның ішіндегі Қанатбек Думанғаниұлының қайтыс болғаны анықталды. Түркістан облысы Созақ ауданында туған 2001 жылғы бала екен. Бірақ, оған да айып тағып қойыпты. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188, 272, 291 баптар бойынша. Бұл әрекеттердің бәрі алдында айтылған лаңкестердің санын толтыру үшін жасалып жатқан секілді. 2000 террористті өзіміздің қарапайым адамдардың арасынан іздеп жатыр ма деп ойлаймын.

Байланысты жаналықтар

Лисаковскіде адам өлімімен аяқталған жанжал: сот үкім шығарды

13.12.2024

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталады

13.12.2024

Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды

12.12.2024

Қоспаев қылмыстық тобы Алматыдағы базарды шетелге сатып жібермек болған

12.12.2024

Алматыда мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды

10.12.2024

«1 млрд жымқырды» деп айыпталған экс-шенеунік Болат Мажағұловтың соты өтуде

09.12.2024
MalimBlocks
Лисаковскіде адам өлімімен аяқталған жанжал: сот үкім шығарды

Мемлекеттік айыптаушы кінәлі адамға ең аз мерзімді тағайындауды сұрады

Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталады

Істі Бас прокуратура бақылауға алған

Шымкентте қызғаныштан әйелін буындырып өлтірген ер адам сотталды

Қоспаев қылмыстық тобы Алматыдағы базарды шетелге сатып жібермек болған

Алматыда мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр

«1 млрд жымқырды» деп айыпталған экс-шенеунік Болат Мажағұловтың соты өтуде

Екі күдікті де тағылған айыптармен келіспей отыр