«Темір» Скляр және темірдей логика: Автокөлік қымбаттату – бұл тренд

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Қазақстандағы автокөлік қымбатшылығына қатысты жүрдім-бардым сөйлеп қойып, әлі жүр...

Алмас НҮСІП

  • 13.05.2022

Қазақстанда көлік не үшін қымбаттап барады? Бұған премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жауап берді.

Ол машинажасаушылардың халықаралық форумында Қазақстандағы автокөліктердің қымбаттауына онша бас ауыртпайтын сыңай байқатты.

«Әлемдік автокөліктердің қымбаттау тренді бәрімізге белгілі. Егер, кәрістердің атақты бір көлігі бізде қымбаттаса, демек, ол бүкіл әлем бойынша қымбаттады деп қарауымыз керек шығар. Металл, тасымалдау, логистика қымбаттады. Бұл жалпылама трендтер, біз одан қашып құтыла алмаймыз», - деді ол форум кулуарында.

Склярдың сөзіне қарағанда, Қазақстандағы ерекше қымбатшылық – заңды нәрсе екен. Автодилерлер автокөліктерді алып-сатқанда заңнамаға сәйкес жұмыс істейді. Әрине, алып-сатарлардың біздің үкімет ұсынған, парламент бекіткен заңдар мен заңнамалар бойынша жұмыс істейтіні түсінікті. Мұндағы мәселе, бізде неге елден ерек сондай заңдар өмір сүреді деген мәселе болатын. Бірақ, бұған Скляр онша бас қатырмайтын сияқты.

«Бұл да бизнес. Олар шетелдерден автокөлік алып, оны заңды түрде сатуға құқылы. Бірақ, автосалондарда қосымша қызмет ұсынатындар бар ғой, міне, солармен жауапты меморгандар айналысу керек», - деді де қойды.

Бірінші вице-премьер айтып отырған қосымша қызметтер, сірә, көліктің жиынтықталуына (комплектация) қатысты болар. Бұған кетер қаржы мен төленетін ақшаны көлік иесі өз еркі бойынша таңдап алады. Бірақ, оған кететін қаражат біздегі алғашқы тіркеу, утилалым, кеден салығы, ҚҚС (НДС) сияқты қосымша шығындардың жананда түк емес. Қай қапталыңа қарасаң да арзан көлік мініп жүрген көршілер, ал біз солардың қаңсығын тіркеу үшін ғана көліктің екі есе бағасын шығаруға мәжбүрміз. Ал, Скляр мырза осының бәрін темірдің қымбаттауынан және әлемдік трендтен (!) көреді. Көреді дейміз, сол әлемдік трендке ілесіп келе жатқанын мақтанышпен айтады. Бәлкім, бұл да даму көрсеткіші деп ойлайтын шығар.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғасынан кейін бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасына тиесілі деп келген «Оператор РОп-тың» жұмысын тоқтатуды тапсырып, елге көлік бағасын түсіріп жіберетіндей үміт сыйлаған. Артынша, президенттен тапсырма алған жаңа үкімет қаншама ай бойы улап-шулап жүріп, улилалымды 50 пайызға ғана түсіреін болған. Бірақ, содан бері өзгерген ештеңе жоқ, көлік арзандаудың орнына әлі қымбаттап жатыр. Көршілерде баяғыдай, бізден екі есе арзанға, ал бізде екі есе қымбатқа сатылып жатыр. Металл кім үшін қымбаттап жатыр сонда?

Осы апта басында ғана 16 мамыр күні 4% автонесие алу басталады деген Скляр. Қазақстандықтар 4 пайыздық автонесиені алуға қырғын кезекте тұр және автосалондардың көбінде көлік жоқ. Демек, бұл бағдарламаның да көлік бағасын түсіруге пайдасы бола қояды деудің қисыны жоқ. Қалай болғанда да, өз азаматтарынан өкіртіп салық пен алғашқы тіркеу, утилалым үшін өкіртіп ақша алып отырған үкімет автокөлікті пайызсыз берсе де ұтылмайын деп тұр. Оны жақсы білетін Скляр жай ғана миығынан күліп, әлемдік тернд – металл қымбаттап жатыр дейді...

Скляр бұған дейін утильсбор туралы журналситердің сұрағына шамданып, "осыны айта-айта шаршадым, екінші айтпаймын" дегендей болған. Жұрттың бәрі біліп отырған ең қарабайыр шындықты бұрмалап, темірдің қымбаттауына апарып тірей салу үшін дәл Склярдікі сияқты темірдей жүйке керек шығар, сірә...

Фото: Malim.kz

Байланысты жаналықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

02.01.2025

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары түсті

31.12.2024

Ішкі саясат. Өткен жыл несімен есте қалды?

31.12.2024

Президент Тоқаев жаңа жылды қайда қарсы алады?

31.12.2024

Тоқаев Корея Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады

30.12.2024

Илон Масктің мақаласы Германияда дау тудырды

30.12.2024
MalimBlocks
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары түсті

Ішкі саясат. Өткен жыл несімен есте қалды?

Жыл бойы қоғамдық маңызы зор бірқатар заң әзірленді және қабылданды

Президент Тоқаев жаңа жылды қайда қарсы алады?

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты

Тоқаев Корея Президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Илон Масктің мақаласы Германияда дау тудырды