Тоқаев Иордания басшысын орденмен марапаттады

Арман Қайыпхан

  • 19.02.2025

Мемлекет басшысы Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады.

Президент марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігінің арасында берік серіктестік қатынастар орнағанын, Король ІІ Абдалланың қазақ-иордан байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Ұлы Мәртебелі Королдің айнымас ниетінің арқасында біз экономика мен инвестициялық ықпалдастықтан бастап мәдени және білім салаларына дейін өзара мүддемізге сай келетін ынтымақтастығымызды нығайттық. Аса көрнекті мемлекет қайраткері, бейбітшіліктің қорғаны әрі даналықтың үлгісі ретінде Сіздің ісіңіз әлемдегі көп адамға жігер береді. Қазақстан халқы Сізді ерекше құрметтейді. Иорданияның тек серіктес қана емес, нағыз достас ел екенін мақтан тұтамыз. Ұлы Мәртебелі Королдің байыпты басшылығымен Иордания өңірдегі тұрақтылықты, дінаралық диалогты және гуманитарлық қызметті ілгерілетуде шешуші рөл атқарып отыр. Бұл құндылықтар Қазақстанның бейбітшілікті, толеранттылық пен дипломатияны жақтайтын ұстанымына сай келеді. Сіздің зор күш-жігеріңіз бен ұдайы қолдауыңыздың арқасында біз өзара ынтымақтастығымыздың келешегіне зор үмітпен қараймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Король II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанның ең жоғары мемлекеттік марапатына лайық көргені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері төмендегідей құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Иордан Хашимит Корольдігі Үкіметі арасындағы өнеркәсіптік ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Атом энергетикасы жөніндегі комиссиясы арасындағы атом қуатын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі мен Иордан Хашимит Корольдігі Өнеркәсіп, сауда және жабдықтау министрлігі арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;

4. «Самұрық-Қазына» ұлттық компаниясы» АҚ мен Иордан Хашимит Корольдігі Инвестициялар министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келiсiм;

5. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы «Қазақстан Республикасы Президентiнiң телерадиокешенi» шаруашылық жүргізу құқындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны мен Иордания радио және телевизия корпорациясы (Jordan Radio and Television Corporation) арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастық туралы меморандум.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Мұсаев: Трамп КСРО агенті

20.02.2025

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

20.02.2025

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

20.02.2025

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

20.02.2025

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

20.02.2025

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды

20.02.2025
MalimBlocks
Мұсаев: Трамп КСРО агенті

Тоқаев: Еңбек қауіпсіздігі қатаң бақылауда болуы тиіс

Трамп Американың Украинаға берген қаржысының есебін сұрай бастады

Трамп Зеленскийді «диктатор» деп атады

Америка шетелдік қылмыстық ұйымдарды қудалауды бастады

Олжас Бектенов әкімдер мен министрлерге жаңа міндет қойды