Тоқаев Өңірлік саясат тұжырымдамасын іске асыруды тапсырды

Арман Қайыпхан

  • 04.12.2024

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаның әзірлену барысы жөнінде ақпарат берілді.

Алдағы бес жылға арналған жоба аясында энергетикалық және коммуналдық сектордың қолданыстағы инфрақұрылымын жаңарту, 6 мың мегаваттан аса электр қуаты генерациясын іске қосу әрі жаңғырту жұмыстарын жүргізу қарастырылған.

Жобаның жалпы құны 10 триллион теңгеден асады. Қажетті қаражат нарықтан займ негізінде, сондай-ақ ішінара республикалық бюджеттен тартылады.

Кешенді жаңғырту жұмыстары энергетикалық нысандар мен коммуналдық сектордың тозуын біршама төмендетіп, халықтың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін жетілдіреді.

Бұдан бөлек, Президентке өңірлік саясатты іске асырудың жаңа тәсілдері туралы мәлімет берілді. Бұл шара облыстар арасындағы әлеуметтік, өндірістік және коммуналдық инфрақұрылымды қамтамасыз ету барысындағы алшақтықты жоюға бағытталған.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруды жүйелі үйлестіру үшін Үкімет жанынан Өңірлік саясат жобалық кеңсесі құрылады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Маңғыстау облысында авиациялық хабты дамыту жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру перспективасы баяндалды. Аталған жоба өңірдің экономикалық өсіміне тың серпін беріп, халықаралық көлік-логистика тізбегінің маңызды бөлігіне айналады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Бозымбаевқа Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ұлттық жобаны мұқият дайындап, жыл соңына дейін бекітуді тапсырды. Сонымен қатар Өңірлік саясат тұжырымдамасын белсенді іске асыру міндетін жүктеді.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады