Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесті

️Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді биыл күзде елімізге тағы да мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Арман Қайыпхан

  • 03.07.2024

️Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ️Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Malim.kz.

Сондай-ақ Ресейдің «шанхай рухын» нығайту ісіне және Ұйымға мүше елдермен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.

Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету – өте мәртебелі әрі жауапты миссия. Ертең біздің төрағалығымыз аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндаймын. Ұйымның өзінде реформа жүргізіліп жатыр. Әйтсе де бұл оңай шаруа емес. ШЫҰ халықаралық аренада лайықты беделге ие болды. Менің ойымша, бұл – ең табысты халықаралық ұйымдардың бірі. Сонымен қатар бұл – демократиялық сипаттағы ұйым, яғни барлық мемлекеттің теңдік қағидаты сақталады. Әрине, Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайтуға Ресейдің қосқан елеулі үлесін атап өтпеске болмайды. Осы орайда төраға құқығын пайдаланып, Сізге алғыс айтқым келеді, – деді Президент.

️Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-ресей қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы жөнінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Қазақстанға былтыр қараша айында жасаған тарихи сапарынан кейін екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын өз бақылауымда ұстап отырмын. Сіздің сапарыңыз кезінде келісілген жобалардың маңызы зор және елдеріміздің өзара ықпалдастығының стратегиялық сипатымен ұштасады. Сондықтан олардың жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл жобалар Қазақстан мен Ресей Федерациясының мүдделеріне сай келеді, – деді Мемлекет басшысы.

️Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді биыл күзде елімізге тағы да мемлекеттік сапармен келуге, сонымен бірге ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысуға шақырды.

Владимир Путин ШЫҰ саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан осы маңызды іс-шараның дайындығына айтарлықтай күш салғанын жеткізді

Саммит, шын мәнінде, мазмұны жағынан халықаралық сипатқа ие. Елдеріміздің бірқатар халықаралық ұйымға төрағалық етіп отырғанын атап өткім келеді. Қазақстан ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ға, ал Ресей БРИКС пен ТМД-ға төраға болып отыр. Сондықтан бір-бірімізді қолдап, көмектесеміз. Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Әлбетте, мұны ҰҚШҰ саммитіне орайластырған тиімдірек болар еді. Екіжақты қарым-қатынасымызға келер болсақ, сіздермен үнемі байланыстамыз. Елдеріміз арасындағы тауар айналымы артып, шамамен 30 миллиард долларға жетті. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала береді, – деді Ресей Президенті.

️Кездесуде президенттер өнеркәсіптік кооперацияны, энергетика саласындағы өзара тиімді серіктестікті дамыту және өңіраралық байланыстарды жандандыру перспективаларын жан-жақты талқылады. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы тұрақты саяси диалогті сақтауға өзара ниетті екенін растады.

Фото: Ақорда

Байланысты жаналықтар

Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

02.04.2025

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

02.04.2025

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

02.04.2025

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

01.04.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

30.03.2025

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

28.03.2025
MalimBlocks
Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтар тізімі: ІІМ пікір білдірді

Украина мәліметінше, Ресей жағында 600-ден астам Қазақстан азаматы соғысып жүр. ҚР Ішкі істер министрлігі бұл деректердің дәлдігін растаған жоқ

Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

АМӨЗ Ресейге сатылады: мимнистрлік мәлімдеме жасады

Энергетика министрлігі Атырау мұнай өңдеу зауытының ресейлік компанияға сатылатыны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Ресей биыл алғаш рет Украинаны дрондармен атқыламады

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты Ораза айт мерекесімен құттықтады

Рамазан айында имандылыққа, рухани тазаруға ұмтылған жұртымыз Айт күні ақ дастархан жайып, қонақжайлық көрсетеді

Тоқаев Корея халқына көңіл айтты