Трамп Украинаның қираған қалаларын Ресейге беруді ұсынуы мүмкін

«Қалада бірде-бір аман қалған ғимарат жоқ», – деді ол.

Аялдар Күнтуған

  • 17.12.2024

Фото: ТАСС

Президент Дональд Трамп Ресей мен Украина президенттерімен соғысты тоқтату жолдарын талқылауды жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды ВВС.

«Біз Путин мен Зеленскиймен және олардың өкілдерімен сөйлесетін боламыз», – деді ол Флоридадағы өзінің резиденциясында өткізген баспасөз мәслихатында. Ол Украинадағы өлім мен қиратудың қорқынышты бейнелерін көргенін айтып, «бұл тоқтатылуы керек» деді.

Баспасөз мәслихаты кезінде журналистер Трамптан Зеленскийді инаугурациясына неге шақырылмағанын сұрады,  ол шақырылмағанын, бірақ өзі қаласа, келуіне болатынын айтты.

Бұған дейін Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинді инаугурацияға шақырғаны туралы хабарланған болатын, алайда, американдық БАҚ оның қатыспайтынын жазды.

Трамп бұл жолы да Ресей-Украина соғысына қатысты өзінің бейбітшілік жоспарын егжей-тегжейлі таныстырған жоқ, Украина Ресейге беруі мүмкін жер туралы сұраққа тікелей жауап бермеді.

Трамптың айтуынша, даулы аумақтың көп бөлігі қиратылған, оны қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет болады.

«Қалада бірде-бір аман қалған ғимарат жоқ», – деді ол.

Трамп бірнеше рет соғысты аяқтауға уәде берді, бірақ оны қалай жүзеге асыратыны туралы нақты ақпарат әзірге айтылған жоқ.

Байланысты жаналықтар

Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

19.05.2025

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

17.05.2025

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

11.05.2025

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

11.05.2025
MalimBlocks
Трамп пен Путин Украина бойынша 2 сағаттан астам сөйлесті

АҚШ-тың Украинадағы бұрынғы елшісі: Мен қызметтен Трамп үшін кеттім

Путин мен Трамп Украина бойынша келіссөздер жүргізу үшін Ыстамбұлға бармайтын болды

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

Трамп: Украина Ыстамбұлдағы кездесуге бірден келісуі керек

АҚШ Украинаға Patriot зымырандарын беретін болды

Америка «қорғаныс қызметтерін» 50 миллион доллар немесе одан да көп сомаға жеткізуге рұқсат берген