Вакцина төңірегіндегі дау: Тоқаев Қазақстан екпесін салдыруға ниетті

Malim Админ

  • 08.04.2021

Жақында ғана Ресейдің «Спутник-V» вакцинасын салдырған президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта қазақстандық QazCovid-in вакцинасын салдыруға да ниетті.

Бүгін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың не себепті отандық емес, ресейлік вакцинаны салдырғанын түсіндірді. Ол өзінің Facebook парақшасында президенттің қазақстандық ғалымдарға сенетінін және алдағы уақытта QazCovid-in вакцинасын салдыруға ниетті екенін жазды.

"Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей, «Спутник-V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда. Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті", - деді Уәли.

Қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев «қазақстандық QazCovid-in сынақтан сәтті өтетін болса, отандық вакцинаны салдыратынын» айтқан. Бірақ арада екі ай өткен соң, сәуірдің 6-ы күні оның Ресейдің «Спутник-V» вакцинасын салдырғаны белгілі болды. Осыдан кейін елде Қазақстан вакцинасына деген сенімсіздік одан сайын өршіген.

QazCovid-in вакцинасы шығарылады деп жоспарланған Жамбыл облысында салынып жатқан жаңа зауыттың құрылысы әлі біткен жоқ. Жақында Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария «QazCovid-in вакцинасын құюға Қытайдан 3 миллион дана бос флакон сатып алынғанын» мәлімдеген.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинация 2021 жылдың 1 ақпанында басталған. Осы уақытқа дейін Республика бойынша 200 мыңнан астам адамға екпе салынған.

Байланысты жаналықтар

Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

17.05.2025

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

17.05.2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

17.05.2025

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

11.05.2025

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

10.05.2025

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды 

08.05.2025
MalimBlocks
Тоқаевты туған күнімен кім құттықтады

Президент тапсырмасының орындалуы: Ауыл шаруашылығы инновациялық технологияларға негізделеді

Жасанды интеллект пен Big Data-ны пайдалану арқылы егістік алқаптары мен мал шаруашылығын тиімді басқаруға мүмкіндік туды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 72 жасқа толды

«Қисапсыз баюдың жақсылыққа апармайтынын айтатын...». Тоқаев анасы туралы жазба жариялады

Әшекей заттар мен қымбат киімдерден тартынатын дейді Президент

Темірхан Медетбек ғибратты ғұмырын ұлт руханиятына арнаған ақын - Тоқаев

Тоқаев Венесуэла президентін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды