Жақсылық Омар жартылай жалаңаш жігіттерді кешіре ме?

Елнұр Бақытқызы

  • 06.09.2021

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омарды Instagram желісінде "ең жақсы әкім" деп жар салып, видеомен құттықтаған африкалық ерлер енді Жақсылық Омардан сол сөздері үшін кешірім сұрап, тағы бір видео жариялапты.

"Жақсылық Омар, сізден кешірім сұраймыз. Бұдан былай олай жасамаймыз", - дейді тоғыз африкалық жігіт әлеуметтік желідегі видеода.

Кешірім сұраған видеода алдыңғы қатарда отырған екі ер адам сол сөздер жазылған тақтайшаны ұстап алған. Бұттарына көк трико киіп, кеудесін жалаңаштаған , денесі шыныққан жігіттер кешірім сұраған соң, билей жөнеледі.

Бір күн бұрын дәл осы топ "Жақсылық Омар ең жақсы әкім" деп видеода ұрандатып, билеп, тіпті  Омардың портретін шөлпілдетіп сүйген болатын. Видео Instagram-дағы "Видеопоздравления из Африки" парақшасында жарияланғанын Өскемен қаласының әкімдігіне хабарласқан  orda.kz тілшілері анықтады. Бірақ кейін видео өшірілді.

Бұл парақшада ондай музыкалық сүйемелдеуі бар құттытау мен биге тапсырыс беру 3500 рубль (20 545 теңге), фотоны ұстап құттықтауға осы соманың үстінен қосымша 150 рубль (880 теңге) төлеу керек.

Orda.kz журналистері Өскемен қаласы әкімдігіне хабарласып,  Омарды ең жақсы әкім деген видеоға кім тапсырыс бергенін сұраған. Әкімдік тілшілерге оған қатысы жоғын мәлімдеп, видеоға тапсырыс бергендерді іздеп жатқанын жеткізді.

Тіпті "мұны әлдебіреу әдейі әкімді дискредитациялау үшін жасаған шығар" депті әкімдік orda.kz-ке.

Instagram-дағы африкалық жігіттердің тура сол күні кешірім сұраған видеоны жарияғанына қарағанда, әкімдік бұл видеоға кімнің тапсырыс бергенін анықтағандай.

 

Байланысты жаналықтар

Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

30.11.2023

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

23.11.2023

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

22.11.2023

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

20.11.2023

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

15.11.2023

Тайны дела Бишимбаева

13.11.2023
MalimBlocks
Самат Әбішті бұлтартпау шарасы өзгермеген

Ешқайда кетпеу жөніндегі бұлтартпау шарасы өз күшінде

Қасым-Жомарт Тоқаев бір жылда не жұмыс  атқарды?

Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел президенті ретінде өкілеттілігін атқаруының екінші жылы басталады.  Осы орайда әлеуметтанушы Айнұр Бақытжанова президенттің бір жылда атқарған жұмыстарына шолу жасапты. Назарларыңызға ұсынып отырған әлеуметтанушының пікірімен келісу-келіспеу  мәртебелі оқырман құзырында. 

Израиль мен Хамас арасындағы соғыс уақытша тоқтайды

Израиль мен ХАМАС бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізіп, екі тарап кепілге алынған тұтқындарының бір бөлігін босату және соғысты уақытша тоқтату туралы келісімге келген.

Танымал саясаткер Аман Төлеев қайтыс болды

Ол 80-ге қараған шағында өмірден өтті

Пpезиденттік жacтap кaдp pезеpві – табысты бастама

Тайны дела Бишимбаева

В минувшие выходные специализированный межрайонный следственный суд Астаны санкционировал арест экс-министра нацэкономики Куандыка Бишимбаева, подозреваемого в убийстве собственной жены Салтанат Нукеновой. Пресс-служба горсуда сообщила об этом постфактум. Заседание, несмотря на резонанс, проходило без участия прессы.