Зеленский: «Кешіріңіз, санкция салу... түкке тұрғысыз шешім»

Украина президенті соғыс басталған шақ туралы бұрын айтпаған жайттарды еске алды.

Malim Админ

  • 06.01.2025

Украина Президенті Владимир Зеленский америкалық блогер және подкастер Лекс Фридманға үкөлемді сұхбат беріп, соғыстың алғашқы күндерін еске алып, бейбітшілікке жетудің жолдары туралы өз ойларымен бөлісті. Бұл жөнінде ВВС жазды.

АҚШ пен Батыстың басқыншылық басталмай тұрып берген уәделері туралы сөйлей отырып, ол бейәдеп сөздер қолданды және алғаш рет соғыстың алғашқы күндерінде Александр Лукашенкомен сөйлескенін және ол Украинаға соққы жасалғаны үшін кешірім сұрағанын айтты.

Сұхбат үш сағатқа жуық жалғасты. Зеленский негізінен украин тілінде сөйлегенімен, Фридман әңгіме орыс тілінде болуын қалаған.

Сұхбаттың басында Лекс Фридман Мәскеуге барып, Владимир Путинмен сұхбат жүргізуді жоспарлап отырғанын айтты. Подкастер сондай-ақ Путин, Зеленский және Дональд Трамп 25 қаңтарда – АҚШ Президентінің инаугурациясынан кейін кездесіп, бейбітшілік туралы келіеді деп сенетінін мәлімдеді.

Зеленскийдің пікірінше, АҚШ президенті Украинаға ұшып келетін алғашқы әлемдік көшбасшы бола алады, бірақ бұл тек соғыс аяқталғаннан кейін болуы мүмкін.

Ресейдің толық масштабты басқыншылығының басталғвн кезі сөз болғанда, Зеленский Батыстық серіктестерінің әңгімелерін еске алды.

«Мен ең алдымен АҚШ-тан тек бір нәрсе сұрадым: егер сіз сенімді болсаңыз, егер сізде дәлелдер болса, егер сіз онымен (Путинмен) сөйлесіп, ол сізге басқыншылық болатынын айтса, егер сіздерді бұл уайымдатса, мен дәлелдер сұрамаймын, маған тек екі нәрсе беріңіз – бізге қару-жарақпен көмектесіңіз, бірақ ең жақсысы — бізге соғыс болмауы үшін алғышарттармен көмектесіңіз. Бұл қару-жарақ емес, мен санкциялар туралы сұрадым. Яғни, Путинді қорқытыңыз дедім», – деді Украинаның президенті.

 «Егер ол шекарадан өтсе, егер ол адамдарды өлтірсе, біз санкциялар саламыз деп айтпаңыз. Бұл ақырет, кешіріңіз», – деп қосты Зеленский.

Фридман Зеленскийден соғыс басталған уақта Украинаға қандай көмек көрсетілгені туралы сұрады.

«Меніңше, жоқ. Біз көмек алған жоқпыз. Егер құр сөз көмек деп саналса, онда біз оны өте көп алдық», – деді ол.

Басқыншылықтан кейін Батыс елдері Ресейге санкциялар енгізіп, Киевке қару-жарақ жеткізуді бастады.

Лукашенконың кешірім сұрауы. Зеленский сонымен қатар соғыстың алғашқы күндері және Беларусь көшбасшысы Александр Лукашенкомен болған әңгімесін еске алды. Беларусь территориясы арқылы Ресей әскері басқыншылықты бастады және Киевті басып алуға тырысты, бірақ сәтсіздікке ұшырады.

Фото: ВВС

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады