Жетісу әкімі командасымен көшіп жүретіндер туралы айтты

Әкімнің айтуынша, өңірдегі кадрдың дені жергілікті

Malim Админ

  • 19.12.2024

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаевқа қызмет ауысқанда командасын өзімен ала жүретіндерге қатысты сауал қойылды.


— Жетісуға өзіммен бір адам алып бардым, ол менің көмекшім, Сенат депутаты болып жүргенде бірге жұмыс істегенмін. Әлі күнге дейін менің көмекшім болып жұмыс істейді. Басқа бірде бір адам алып барған жоқпын. Басшылық құрамдағы адамдардың барлығы Жетісу облысының азаматтары, — деп жауап берді Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында.

Әкімнің айтуынша, өңірдегі кадрдың дені жергілікті. 

— Мысалы, орынбасарым, аппарат басшысы қызметін Жетісу облысында бастаған, кейін мансаптары өсіп Астанаға, Алматыға жұмысқа кеткен, бірақ оларды кері шақырып алдым. Тіпті, менен басқа Алматы облысында туған азаматтар жоқ. Барлығы Жетісу облысында туып өскен азаматтар. Аудан әкімдерінің бәрі жергілікті кадрлар. Сондықтан, командалық деген өткен заманның елесі, оны ұмыту керек. Мен ондайға ешқашан бармаймын, — дейді ол.

Айта кетейік, Жетісу облысында 2,6 трлн теңгеге 189 инвестициялық жоба қолға алынды. 

Фото: Sputnik 

Байланысты жаналықтар

Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

16.04.2025

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

16.04.2025

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

16.04.2025

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

15.04.2025

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

15.04.2025

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

15.04.2025
MalimBlocks
Тоқаев Мәжіліс төрағасы Қошановты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейконы қабылдады

Тоқаев экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді

Астанада Қауіпсіздік кеңесінің жұмыс отырысы өтті

Лавровқа қатаң жауап: саясаттанушы Тоқаевтың ұстанымы мен халықаралық хаос туралы айтты

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың аумақ тұтастығы туралы ұстанымына қарсы екенін айтқан еді. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бұл мәселеге қатысты пікір білдірді

Тоқаев заңға қол қойды: шетелдік легионерлерге қаржы бөлінбейді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Тоқаев Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы Николай Подгузовты қабылдады