freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қант бағасы күрт қымбаттады: министрліктің жауабы қандай

Экономика
Қант бағасы күрт қымбаттады: министрліктің жауабы қандай
Фото: ашық дереккөз

Еліміздің бірқатар өңірінде қант бағасының күрт өсуі маусымдық сұраныстың артуымен байланысты. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында журналистердің сауалына жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

– Кейбір өңірлерде түйіршіктелген қант бағасының өсуі маусымдық кезеңмен байланысты. Бұл уақытта тұрғындар компот, тосап және өзге де қысқы азық-түлік қорын дайындай бастайды. Соның салдарынан қантқа сұраныс артады, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, алдағы уақытта қант бағасының айтарлықтай қымбаттауына негіз жоқ.

— Биыл қант қызылшасынан мол өнім күтіледі. Қазір елімізде қант қызылшасын өңдейтін үш зауыт жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, биыл «Тараз қант» зауытында қант қызылшасын өңдейтін жаңа өндіріс іске қосылады. Соның нәтижесінде жиналған өнім толық өңделеді, – деді Азат Сұлтанов.

Вице-министрдің айтуынша, қанттың бір бөлігі Латын Америкасы елдерінен әкелінетін қант шикізатынан өндіріледі. Ал елге импортталатын қанттың басым бөлігі Ресейден жеткізіледі.

Сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі елімізде қант қоры жеткілікті екенін мәлімдеді.

Азат Сұлтановтың айтуынша, өңірлік тұрақтандыру қорларында қанттың жеткілікті қоры қалыптасған.

– Егер нарықта баға құбылса, бұл қорлардағы қант сатылымға шығарылады. Осылайша бағаның өсуін тежеуге мүмкіндік болады. Қант тапшылығына алаңдауға негіз жоқ. Қазіргі таңда қоймаларда еліміздің қажеттілігін үш ай бойы қамтамасыз етуге жететін қор бар, – деді вице-министр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу