Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қапшағайда жас қыз суға батып кетті

Оқиға
Қапшағайда жас қыз суға батып кетті

Қапшағай су қоймасында жас қыз суға батып кетті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мәлім етті. 

Қайғылы жағдай кезінде жағажайда Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек те болған. Айтуынша, қызды судан куәгерлер алып шыққан.

— Жағалауда қауіпсіздікке жауапты ешкім болмады. Құтқарушылар, бейнебақылау камералары, құтқару құралдары, медициналық қызметкер жоқ. Су қоймасының жағасы жеке кәсіпкерлерге берілген. Қызды судан куәгерлер алып шығып, алғашқы көмек көрсетуге тырысты, — дейді ол.

Депутат жағажайлардың кімге тиесілі екенін анықтап, заң талаптарын бұзғандарды жауапқа тарту үшін тексеріс жүргізуді талап ететінін жеткізді.
Полиция департаменті қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер құтқару техникасының және кезекші құтқарушылардың бар-жоғын, демалыс аймағының белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды, — делінген хабарламада.

Фото: ШҚО ТЖД

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу