Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қарағандыда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқы өтеді

Қоғам
Қарағандыда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқы өтеді

Қазақстанда АЭС салу мәселесін талқылау мақсатында референдум өткізілгенге дейін Қарағанды обласында жария талқылар өткізілмек, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәлімдеуінше, жария талқылауға атом саласының салалық сарапшылары қатысады. Шараны өткізу барысында азаматтар өздерін қызықтыратын технологиялардың қауіпсіздігі бойынша да, АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша да кез келген сұрағын қоя алады.

Жария талқылау 5 шілдеде Қарағандыдағы «Қоғамдық келісім» КММ-да өтеді.

Айта кетейік, 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекет басшысы Қазақстанда атом электр станцияларын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізуге бастамашы болған еді.

Сонымен қатар, Жолдауда Президент референдум өткізу мерзімдері кейінірек белгіленетінін айтты.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу