Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазақ қызы Парижде»: Динара Сәтжанның ерекше образы жұртты тамсандырды

Шоу-бизнес
«Қазақ қызы Парижде»: Динара Сәтжанның ерекше образы жұртты тамсандырды

Қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан дәстүрлі шапан мен тақия киіп Париж көшелерін аралады, деп хабарлайды Malim.kz.

Тележүргізуші видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Динара Сәтжан бірнеше күннен бері Франция астанасында жүр. Бұл жолы ол ұлттық нақышта тігілген шапанымен серуендеуге шыққан. Динара өзінің аутфитін тақиямен және ұлттық әшекейлермен толықтырған.

Қазақ қызы Парижде, - деп жазды ол.

Тележүргізушінің оқырмандары да оның образын жоғары бағалап, киімі өзіне ерекше жарасып тұрғанын жазған.

«Өзіңізге жарысып тұр. Қазақтың танымал қыздарының бәрі ұлттық киімімізді осылай дәріптесе екен», «Динара, жарайсыз! Қазақ қыздарының образын көрсеттіңіз», «Қандай жарасымды, жастарымыз заманауи ұлттық киімдерімізді киіп жүрсе ғой», - деп жазған оқырман қауым.

Фото: instagram.com/dinarasatzhan

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу