Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

Экономика
Қазақстан бидайы Қытайға экспортталады

Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен егін жинау науқаны бойынша жедел штабта экспортқа астық жеткізуді ұлғайту мүмкіндіктері қаралды. 
Отырыста қазақстандық астықты Қытайға жеткізудің өңірлік деңгейі қаралды. 9 айдың қорытындысы бойынша астықты жабық вагондарда тасымалдау көлемі 75%-ға және астық тасығыштарда 5%-ға өсті. Контейнерлермен жеткізу 26%-ға төмендеді. 

Бұл жабық вагондар мен астық тасығыштардағы дақылдардың негiзгi көлемiнiң Қорғас және Алашанькоу стансалары арқылы Суардың бондтық аймағына жеткiзiлуiмен байланысты, онда дайын өнiмдi қайта өңдеу және одан әрi жөнелту үшiн баж салығы жоқ. 

Осылайша, қазақстандық бидай негізінен Қытайдың шекаралық және орталық провинцияларын қамтамасыз етеді. ҚХР ішіне жеткізу үшін 65% баж салығы қолданылады және ол бағыттар бойынша астық негізінен контейнерлермен тасымалданады. 

Бұл ретте арпа және басқа да жемшөп дақылдары ірі дайындаушы компаниялардың қажеттіліктеріне сәйкес бүкіл Қытай бойынша экспортталады.

Фото: Depositphotos

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу