Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан мұнайдың жаңа түрін өндіреді

Экономика
Қазақстан мұнайдың жаңа түрін өндіреді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында мұнай-газ саласындағы әлеуетті жобаларға тоқталды, - деп хабарлайды Malim.kz. 

2024 жылы ҚазМұнайГаз Қызылорда, Атырау және Ақтөбе облыстарында төрт жоба бойынша бұрғылау жұмыстарын бастады. Бұл жобалардың жиынтық геологиялық ресурстары мұнай эквиваленті бойынша 800 млн тоннадан асады. Биыл алғашқы қазақстандық тақтатас мұнайы өндіріледі деп күтілуде. Бұл мұнай мен газ саласына инвестициялар тарту үшін қосымша серпін береді, — деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр «Батыс Прорва» және «Барханная» кен орындарында шамамен 19 млрд текше метр газдың қорын игеру басталатынын мәлім етті.

Қарағанды облысында жерде сирек кездесетін металдардың 17 түрі бар ірі кен орны табылды. Сонымен қатар осы Қарағанды облысында электромобильдерге арналған батареялар өндірісінде қолданылатын графит концентратын өндіру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Қашаған мен Жаңаөзенде Газ өңдеу зауыттарының құрылысы жалғасуда. Қашағандағы екінші Газ өңдеу зауыты мен Қарашығанақтағы Газ өңдеу зауытының жобалау жұмыстарын бастау үшін инвестициялық шешімдердің қабылдануын күтіп отырмыз, — деді Олжас Бектенов.

Фото: Үкімет   

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу