freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстан халқының саны көбейді: Жаңа статистика жарияланды

Қоғам
Қазақстан халқының саны көбейді: Жаңа статистика жарияланды
Отбасы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан халқының саны 20 604 819 адамға жетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде көрсетілген, деп хабарлайды Malim.kz.

Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 104 997 адамға, яғни 0,51%-ға артқан. Оның ішінде табиғи өсім 99 419 адамды, ал көші-қон есебінен болған өсім 5578 адамды құрады.

Халық санының ең жоғары өсімі Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелген.

Астанада жыл басынан бері тұрғындар саны 51 429 адамға көбейіп, 1 690 605 адамға жетті. Алматы халқы 31 690 адамға артып, 2 379 793 адамды құрады. Ал Шымкентте тұрғындар саны 19 298 адамға өсіп, 1 313 348 адамға жеткен.

Сонымен қатар елдің 12 облысында халық саны азайған. Ең үлкен төмендеу Түркістан облысында байқалды – өңір тұрғындарының саны 4212 адамға кеміген. Жамбыл облысында халық саны 3951 адамға, Абай облысында 3817 адамға азайды.

1 тамыздағы мәлімет бойынша, Қазақстан қалаларында 13,2 миллионға жуық адам тұрады. Ал ауылдық жерлердегі халық саны 7,4 миллион шамасында.

Жыл басынан бері қала тұрғындарының саны 126,6 мың адамға көбейсе, ауыл халқы 21,7 мың адамға азайған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу