freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда әлеуметтік желідегі зиянды контентке бақылау күшейеді

Қоғам
Қазақстанда әлеуметтік желідегі зиянды контентке бақылау күшейеді
Фото: видеодан кадр

Қазақстанда әлеуметтік желі арқылы қаралым жинау үшін адамдарды қорлау, мазақ ету, сондай-ақ қоғамдық орындарда әдепсіз әрі қауіпті әрекеттерге баруға қатысты жауапкершілік шаралары күшейтілмек, деп хабарлайды Malim.kz.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин жаңа қоғамдық этика қалыптастыруда құқықтық тетіктердің маңызы зор екенін айтты.

Оның мәліметінше, ІІМ хайп қуып, шектен шығатын әлеуметтік желі қолданушылары мен қауіпті пранк ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тартып, мұндай фактілер туралы қоғамға ашық ақпарат беріп келеді.

Соңғы уақытта тоғыз тиктокердің ұсталғаны бұл бағыттағы бақылаудың күшейгенін көрсетеді.

Негізгі мақсат – әлеуметтік желідегі танымалдық заң талаптары мен қоғамдық әдеп нормаларынан жоғары тұрмайтынын көрсету.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу