freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда автокөлік нөмірлерінің жаңа түсі пайда болады

Қоғам
Қазақстанда автокөлік нөмірлерінің жаңа түсі пайда болады
Фото: depositphotos.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев электромобильдерге арнайы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін енгізуді көздейтін заңға қол қойды. Тиісті норма «Жол жүрісі туралы» заңның 70-бабына енгізілді, деп хабарлайды Malim.kz.

Заңның өзінде жаңа нөмірдің түсі мен дизайны нақты көрсетілмеген. Бұл талаптарды Ішкі істер министрлігі жеке нормативтік-құқықтық актілер арқылы бекітеді. Алайда 2026 жылғы мамырда Мәжіліс отырысында ІІМ вице-министрі Санжар Әділов ведомство халықаралық тәжірибеге сүйенетінін айтқан болатын.

Оның сөзінше, электромобильдерге арналған мемлекеттік нөмірлердің фоны өзгертілуі қажет. Әлемдік тәжірибеде мұндай көліктердің нөмірлері жасыл түспен белгіленеді.

Бүгінде осындай арнайы нөмірлер Қытай, Норвегия, Канада, Польша және Беларусь елдерінде қолданылады.

Бұл норманы енгізудің басты себебі – жол камералары мен автоматтандырылған жүйелердің электромобильдерді іштен жанатын қозғалтқышы бар кәдімгі көліктерден ажырата алмауы.

Соның салдарынан тегін автотұрақ, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру немесе қуаттау станцияларын пайдалану сияқты жеңілдіктерді ұсынуда қиындықтар туындайды.

Арнайы нөмірлік белгі электромобильдерді автоматты түрде анықтауға мүмкіндік береді. Бұл үшін инспектордың қатысуы немесе қосымша тексерулер қажет болмайды.

ІІМ мәліметінше, заң күшіне енгеннен кейін алғашқы жаңа нөмірлерді беру басталғанға дейін шамамен алты ай уақыт қажет болады. Осы аралықта ведомство жаңа стандартты әзірлеп, бекітуі тиіс.

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылғы мамыр айының басында Қазақстанда 24 мыңнан астам электромобиль тіркелген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу