Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда неке ең жиі тіркелетін ай анықталды

Қоғам
Қазақстанда неке ең жиі тіркелетін ай анықталды

Қазақстанда неке ең көп тіркелетін ай – тамыз, деп хабарлайды Malim.kz.

2015–2024 жылдар аралығындағы мәліметтерге сәйкес, тамыз айында елімізде орта есеппен жыл сайын 14,9 мың неке қиылған. Ең жоғары көрсеткіш 2016 жылы тіркелді – аталған айда 16,9 мың неке тіркелген.

Бюроның мәліметінше, 2015–2022 жылдар аралығында шілде мен қыркүйек те неке қию үшін жиі таңдалған айлар қатарында болды. Алайда соңғы екі жылда маусым айының үлесі артып келеді. Мысалы, 2024 жылы маусымда 11,6 мың неке тіркелсе, қыркүйекте бұл көрсеткіш 10,8 мыңды құрады.

Осылайша, 2023 жылдан бастап маусым, шілде және тамыз айлары неке қию үшін ең танымал кезеңге айналған.

Ал ең аз неке саны қаңтар айында тіркелген. Соңғы он жылдың ішінде бес рет дәл осы ай ең төменгі көрсеткішке ие болған. Мамыр айы да неке саны бойынша төмен деңгейде қалып отыр.

Соңғы он жылдағы ең төменгі айлық көрсеткіш 2020 жылдың сәуірінде, пандемия кезінде тіркелді – ол кезде небәрі 3,8 мың неке қиылған.

Фото: freepik.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу