freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстанда тағы бір тілге ресми мәртебе берілуі мүмкін

Қоғам
Қазақстанда тағы бір тілге ресми мәртебе берілуі мүмкін
depositphotos.com

Қазақстанда ымдау тілін заңнамалық деңгейде ресми түрде тану мәселесі қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Тиісті түзетулерді Мәжілістің жұмыс тобы қолдады. Бұл бастама есту және сөйлеу қабілеті бұзылған азаматтарды қолдауға арналған заң жобасы аясында талқылануда. Депутаттардың айтуынша, бүгінде елімізде осындай санатқа жататын 30 мыңнан астам адам бар, олардың 5 мыңға жуығы – балалар. Көпшілігі үшін ымдау тілі – негізгі әрі толыққанды қарым-қатынас құралы. Алайда осы уақытқа дейін оның құқықтық мәртебесі нақты айқындалмаған.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смолякованың мәлімдеуінше, депутаттар ұсынған түзетулер Үкімет тарапынан қолдау тауып, жұмыс тобының отырысында бірауыздан мақұлданған.

Оның сөзінше, бұл мәселе тек ымдау тілін ресми мойындаумен шектелмейді. Бастама есту қабілеті бұзылған азаматтардың білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік қызметтер, сот жүйесі және ақпаратқа қолжетімділік құқықтарын кеңейтуге бағытталған.

Аталған ұсынысты депутат Нұргүл Тау көтерген. Бұл мәселе Қазақстан саңыраулар қоғамының өтінішінен кейін күн тәртібіне енгізілген. Ұйым өкілдері сурдоаудармашылардың жетіспеушілігі, бейімделген контенттің аздығы және күнделікті өмірде кездесетін өзге де кедергелерді атап өткен.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу