Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтар АҚШ-тан шығарыла ма? СІМ жауабы

Саясат
Қазақстандықтар АҚШ-тан шығарыла ма? СІМ жауабы

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты Қазақстан азаматтарының тағдырына қатысты түсінік берді.

Бүгінде Сыртқы істер министрлігіне немесе Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігіне ешкім жүгінген жоқ. Елшілік мәселені бақылауда ұстайды. Жақында ғана елшілік АҚШ-тағы қазақстандықтарға үндеу жариялады. АҚШ-тың көші-қон заңнамасы күшейтіліп жатқанын және біздің азаматтарға ескерту жасалғаны хабарланды, — деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр орынбасарының айтуынша, қудалауға негізінен виза режимін бұзған азаматтар ұшырайды. 

Бірқатар объективті немесе субъективті жағдайларға байланысты адамдар АҚШ-қа туристік визамен келіп, болу мерзіміне назар аудармай, заңды бұзатыны қалыпты тәжірибе. Мұндай азаматтардың отанына оралуына мүмкіндік беретін белгілі бір шаралар мен тетіктер бар. Міндетті емес болып табылатын консулдық есепте тұрған қазақстандықтарға келетін болсақ, олардың саны шамамен 25 мың адамды құрайды, — деп толықтырды ол.

Сондай-ақ Әлібек Бақаев әзірге Қазақстан азаматтарын АҚШ-тан шығарып жіберу туралы ақпараттың жоқтығын айтты. 

Еске сала кетсек Дональд Трамп билікке келе сала АҚШ-та жұмыс істеуге рұқсат беретін миграциялық қосымшаның жұмысын тоқтатты.

Осыдан бірер күн бұрын АҚШ-тағы миграциялық саясаттың қатаңдатылуына байланысты Қазақстан елшілігі шетелде құжатсыз, визасыз жүрген қазақстандықтарға ескерту жасады.

Фото: Depositphotos.com

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу