freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қазақстандықтарды Нұралы Әлиевпен тауда өтетін ерекше кездесуге шақырып жатыр

Қоғам
Қазақстандықтарды Нұралы Әлиевпен тауда өтетін ерекше кездесуге шақырып жатыр
Фото: видеодан кадр

Алматыда Қазақстан экс-президентінің немересі Нұралы Әлиевтің қатысуымен ерекше таңғы кездесу өтетіні хабарланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Хабарлама ерте тұру мен таңғы белсенділікті қолдайтындарды біріктіретін қауымдастықтың Instagram парақшасында жарияланған. Ұйымдастырушылар форматты «бейресми ортадағы іскерлік әңгіме» деп сипаттайды.

Анонсқа сәйкес, қатысушылар Алматы тауларында таңды қарсы алып, Горельникте суға түсіп, мейрамханада таңғы ас ішіп, адам санасы мен жеке даму тақырыптарын талқылайды. Жиналу уақыты – сағат 5:45-те «Медеу» субұрқағы маңында, 6:00-де Горельникке жол жүру жоспарланған. Қалаға оралу – шамамен 9:00-де.

Кездесу сипаттамасында Әлиев сериялық кәсіпкер және инвестор ретінде таныстырылған. Ол Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2025 жылғы елдің ең бай 75 бизнесмені рейтингінде 39-орын иеленгені атап өтіледі.

Соңғы айларда Нұралы Әлиев руханият, сана және ментал денсаулық тақырыптарында ашық пікір білдіріп жүр. Қаңтар айында ол адамдарға «сананың жаңа деңгейіне» көтерілуге көмектесуді мақсат ететін жобасын іске қосқанын мәлімдеген. 

Сондай-ақ бұған дейін кәсіпкер Давоста өткен World Economic Forum аясындағы іс-шараларға қатысқанын еске сала кетейік.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу