freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Қазгидромет» су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

Қоғам
«Қазгидромет» су басу қаупі жоғары өңірлерді атады
istockphoto.com

«Қазгидромет» мамандары алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа температурасының күрт жылынуына байланысты шұғыл ескерту жариялады. 23-30 наурыз аралығында қардың қарқынды еруі мен өзендердегі су деңгейінің көтерілуі күтілуде, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан өңірлерінде 23-25 наурыз аралығында күндізгі температура +10°C дейін көтеріледі. Оған қоса 24 наурызда жауын-шашын күтілуде.

Қауіпті өңірлер: Абай және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстік, солтүстік және шығыс аудандары.

Салдары: Қардың қарқынды еруі.

Болжам: Судың жайылуы мен елді мекендерді су басу қаупі жоғары.

Батыс Қазақстан облысында жағдай күрделірек болуы мүмкін. Мұнда 24-30 наурыз аралығында ауа райы жылынып, термометр бағаны +22°C дейін барады.

1. Орал қаласы, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Бөрілі және Шыңғырлау аудандары (+20°C дейін);

2. Жәнібек, Бөкей ордасы, Жаңақала, Қазталов, Ақжайық, Сырым және Қаратөбе аудандары (+22°C дейін).

«Түнгі температураның 0 градустан жоғарылауы мен нөсер жаңбырдың салдарынан еріген қар суы өзен арналарын толтырып, деңгейдің күрт көтерілуіне әкеп соғады», — дейді синоптиктер.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу