freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында боранда жолда қалған үш адам құтқарылды

Қоғам
Қостанай облысында боранда жолда қалған үш адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Қостанай облысы Арқалық қаласы маңында ауа райының күрт нашарлауына байланысты жолда қалған шетел азаматтарына көмек көрсетілді, деп хабарлайды Malim.kz.

«Жезқазған – Арқалық – Петропавл» республикалық маңызы бар автожолының Жалғыстал ауылы тұсынан 3 шақырым жерде қалың қар салдарынан жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып, қозғалысын жалғастыра алмаған. Көлік ішінде үш адам болған.

Құтқарушылар мен «ҚазАвтоЖол» қызметкерлерінің бірлескен әрекетінің нәтижесінде автокөлік қардан шығарылды. Көлікте «Өзбекстан – Ресей» бағытымен келе жатқан Тәжікстан азаматтары болған.

Құтқарушылар шетел азаматтарын Арқалық қаласына жеткізіп, жылыту пунктіне орналастырды. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Құтқарылған азаматтар жедел әрі уақтылы көрсетілген көмек үшін алғыстарын білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу