Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

Оқиға
Қостанай облысында екі жасөспірім балалар үйінен қашып кетті

Қостанай облысы Рудныйдағы "Арнаулы білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының" екі тәрбиеленушісі, 15 және 17 жастағы жасөспірімдер, 7 сәуірде мекемеден қашып кеткен, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Жасөспірімдердің жоғалғаны туралы ақпарат сол күні полицияға түскен. Алайда әзірге олар табылмады. Қостанай облыстық полиция департаменті олардың орналасқан жерін анықтау үшін жұрттан көмек сұрап отыр.

"Іздеу жұмыстарына 20 техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті және қаланың бейжай қарамайтын тұрғындары тартылған. Күндіз қала көшелері мен саяжай аймақтары түгел тексерілді. Қазір іздеу жұмыстары Қостанай ауданына қарасты Сергеевка және Константиновка ауылдарында жалғасып жатыр. Себебі жасөспірімдерді кейінгі рет осы елді мекендерден көрген", – делінген полиция хабарламасында.

Сондай-ақ, полиция олардың әлі де жаяу жүргенін болжайды. А

йта кетейік, 15 жастағы бала бұған дейін де орталықтан қашқан.

Қостанай облыстық полиция департаменті егер кәмелетке толмағандар жайлы қандай да бір ақпаратыңыз болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Фото: instagram.com/polisia_kostanay

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу