Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Құдай әркімнің жүрегінде». Баян Алагөзова танымал әншіге ескерту жасады

Шоу-бизнес
«Құдай әркімнің жүрегінде». Баян Алагөзова танымал әншіге ескерту жасады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы «Хиджаб кимегені үшін әйелдерін ұрады» деген пікір айтқан Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Баян Мақсатқызының айтуынша, Құдай әркімнің жүрегінде болуы керек.

«Ел алдында жүрген әрбір адам әр сөзін ойланып айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңде ұстаңдар. Құдай әркімнің жүрегінде, сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық етіп, фото саласыңдар. Кейін іш киімммен, мас күйде жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ», – деп жазды продюсер.

Еске салайық, хитмен Ұланғасыр Қами болашақ жарына намаз оқытып, хиджаб кигізетінін айтқан ойы қоғамда қызу талқыға түскен еді. 

Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу