Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды

Шоу-бизнес
Сәкен Майғазиевтің болашақ келінінің кім екені белгілі болды

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы шаңырақ көтермек, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің болашақ келіні желіде оқырмандарының сауалдарына жауап берді.

Әділетпен араласып жүргенімізге 9 ай болады. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Жасым 20-да. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін, деді Әдия Мәулен.   

Бұған дейін Әділет пен Әдияны көпшілік Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісіне сөз салғанда бірге көріп қалған. Жұрт сол кезде-ақ Майғазиевтер әулетінде тойдың болар күні алыс емес деп топшылаған еді.

Фото: tiktok.com/@adiyamaulen

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу