Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот отырысы шегерілді  

Саясат
Серік Күдебаев ауруханаға түсіп, сот отырысы шегерілді  

Алматы облысы Полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев ауруханаға түсті.   Генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім 10 наурызда шығуға тиіс болатын. Алайда бұрынғы полиция басшысына қатысты сот отырысы белгісіз себепке байланысты шегерілді.

«Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, сотталушының ауруханаға жатқызылуына байланысты сот отырысы келесі аптаға шегерілді», - деді Жетісу облыстық сотының ресми өкілі Н.Орынбасаров. Күдебаевтың қандай диагнозбен ауруханаға түскені айтылмады.

Серік Күдебаевқа «билікті немесе лауазымды асыра пайдаланды» деген айып тағылған. Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша оған орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.         

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу