Айсәуле Бақытбек үшінші баласына жүкті екенін айтты
Блогер тұңғышын – 2022 жылы, екінші баласын былтыр босанған.
Танымал блогер Айсәуле Бақытбек үшінші баласына аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, бұған қалай дайындалғанын айтты.
«1+1=5, - деп жазған Айсауле өзінің видеосын көрсетті.
Қазнет қолданушылары бұл шынымен де күтпеген жаңалық болғанын айтып, Айсәулені құттықтап жатыр. Олардың қатарында әншілер Балжан Бидаш, Аша Матай және Ақерке Бүркітбай, актрисалар Жәния Журинская мен Айжұлдыз Адайбекова, блогерлер Мадлен, Нағима Настевич, Дамеля Sweet, Айым Сейітметова мен Бота Нұрсейітова бар.
Артынша Айсәуле жүкті кезінен суреттер салды.
Құттықтауларыңызға рахмет! Ештеңені жасырмай, сіздермен бәрін бөлісетін күнге жеткеніме қуаныштымын, - деді Бақытбек.
Айсәуле 2022 жылдың басында алғаш рет ана атанған. Тұңғышының есімін Сафия деп қойған. Екінші қызын ол былтыр шілде айында туып, Сәтті деген есім берді.
Фото: instagram.com/aissaulebakytbek