«Арманы – ұлды болу». Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың басты өкініші туралы айтты

Нұрғали Нүсіпжановтың сахнада жүргеніне биыл 70 жыл толады екен.

Сабина Асқарқызы

  • 15.07.2024

Сазгер, әнші Роза Әлқожа Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың қал-жағдайын сұрап барды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әлқожа өнердегі ағасының үйіне сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжанмен бірге барғанын тілге тиек етті. Бұдан бөлек ол Өнер иесі Нұрғали Нүсіпжановтың алаяқтарға алданып қалып, бүгінде пәтер жалдап тұрып жатқанын алға тартты. Жасы 87-ге толған халық әртісінің басты арманы туралы да сөз қозғады.

Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға «жер үй сатып алсам» деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен. Өзім де кезінде ағадан сұхбат алған сияқты едім, бірақ шын ғұмыр-тарихын білмейді екенбіз ғой. Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы ұлды болу екен. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса, бәрі де болар... – деп жазды эстрада жұлдызы.

Ал оқырман қауым аңыз әншінің арманының тезірек орындалуына тілектестік білдірген.

Фото: instagram.com/roza_alqozha

Байланысты жаналықтар

Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

10.05.2025

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

08.05.2025

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

08.05.2025

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

07.05.2025

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

06.05.2025
MalimBlocks
Димаш пен Лара Фабианмен бірге ән айтатын болды

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Димаш Құдайберген анасының жанкүйерлерге жолдаған аманатын жеткізді

Әншінің анасы әр жанкүйерге шын ниетпен сәлем жолдады

Мадина Сәдуақасова әскери шеніне қатысты пікір білдірді

Өнер иесі өзінің запастағы кіші сержант екенін атап өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен

Роза Әлқожа шығармашылық үзіліс алатынын мәлімдеді

Өнер иесі соңғы екі айда тынымсыз гастрольде жүрген