«Бал айында жүр»: Дариға Бадықова мен Олжас Абай Дубайда демалып жатыр
Олжас Абай: Рахмет саған құдайым және Дариғам
«Таптым-ау сені 2» фильмінің продюсері, актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абай шетелде бірге демалып жүр, деп хабарлайды Malim.kz.
Танымал актриса Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайдың Дубайда бірге демалып жатқаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Олардың демалыс сәттерінен түсірілген суреттері мен бейнежазбалары Instagram желісінде тарағаннан кейін жанкүйерлер арасында түрлі пікірлер пайда болды.
Аман есен жерге қонсам чемпионмын деген ем, қондым. Секіргенде 5 секундта өмірім көз алдымнан өтті, 7 секунд секіргенімді түсіндім. Қонғанымда көп нәрсе түсінікті болды. Рахмет саған құдайым және Дариғам, - деп жазды Олжас Абай.
Желі қолданушылары арасында бұл демалысты жай ғана әріптестік кездесу деп қабылдағандар да, жеке қарым-қатынасқа байланысты болжам жасағандар да бар. Тіпті, кейбірі өнер иелерінің бал айын өткізіп жатқанын жазған. Дегенмен, актерлер бұл жағдайға қатысты әзірге ешқандай ресми түсініктеме берген жоқ.
Жанкүйерлер сүйікті актерлеріне демалыстары сәтті өтсін деген тілектерін жаудырып, жаңа жобалар мен қызықты туындылар күтіп жүргендерін жарыса жазып жатыр.
Фото: Видеодан скрин