«Бәрі бір Алланың қолында». Ләйлә Сұлтанқызы жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады

Тележүргізуші әлеуметтік парақшасында өзгерістер болатынын жеткізді.

Сабина Асқарқызы

  • 17.01.2025

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы биылғы жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Malim.kz.

2025 жылды құдайдың қалауымен жеңісті, жемісті қылғым келеді. Енді ешбір жерде Қайрекең жайлы жазбаймын, архивпен де бөліспеймін деп шештім. Әулетіміздің азаматы, жарым, балаларымның әкесінің есімі тек шаңырағындағы дастарханда ғана айтылып, еске алынғанын қалаймын. Бастысы, біздің ниетіміз бен ішкі сезімдеріміз Аллаға аян. Ұлдарымды да сирек көресіздер. Себебі, екеуі ержетіп, ес жиып қалды. Жеке шекарасы, өз ойы бар азаматтар. Құндылықтары да басқа. Сондықтан тек олардың рұқсатымен ғана, деп жазды тележүргізуші.

Ол анасымен көбірек уақыт өткізуге тырысатынын да алға тартты.

Анам - менің жүрегім. Бос уақытымның көбін Дишинкама арнаудамын. Барынша жарқын сәттер, естеліктер, фото/видео көп болса деген ойым ғана… Анам өз анасының фотосын таппай, көзі мөлдіреп, тамағына өксік тығылған талай сәт есімде. Ауыр… мен оны қайталағым келмейді. Сол үшін Дишинканы желіден жиі көресіздер, - деп қосты ол.

Сұлтанқызы жеке өмірін де құпияда ұстайтынын тілге тиек етті.

Жеке өмірге келетін болсақ, жеке өмір «жеке өмір» болып қала береді. Бәрі бір Алланың қолында. Мен бұрынғы стереотиптің адамы емеспін... Сіздерден бір сұрарым, кеудеміздегі жұдырықтай жүрегімізді негативтен аулақ ұстайықшы. Маған да жан тыныштығы керек, деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Фото: instagram.com/sultankyzy

 

Байланысты жаналықтар

Ләйлә Сұлтанқызы меценат күйеуінің қазасына не себеп болғанын айтты

08.01.2025

«Жанымызды шүберекке түйдік». Ләйлә Сұлтанқызы адамдарды мейірімді болуға шақырды

27.12.2024

«Қазір ештеңе жұбатпайды». Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы айтты

26.12.2024

«Екінші Қайрат». Ләйлә Сұлтанқызының үлкен ұлы елге оралды

24.12.2024

Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттегі қалыңмал мөлшерін айтып берді

22.11.2024

Ләйлә Сұлтанқызы тойларды біріктіріп өткізуді ұсынды

19.11.2024
MalimBlocks
Ләйлә Сұлтанқызы меценат күйеуінің қазасына не себеп болғанын айтты

Көпшілік арасында оның өлімінің себебі туралы түрлі болжамдар айтылып жүрген

«Жанымызды шүберекке түйдік». Ләйлә Сұлтанқызы адамдарды мейірімді болуға шақырды

Ол Ақтаудағы қайғылы оқиға өзіне ауыр тигенін айтты.

«Қазір ештеңе жұбатпайды». Ләйлә Сұлтанқызы Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы айтты

Ол апатқа ұшыраған жандардың жақындарына көңіл айтқан.

«Екінші Қайрат». Ләйлә Сұлтанқызының үлкен ұлы елге оралды

Ол үш ай шетелде жүрген.

Ләйлә Сұлтанқызы Шымкенттегі қалыңмал мөлшерін айтып берді

Тележүргізуші қалыңмал мен мәһрдің біріктірілгенін құптады

Ләйлә Сұлтанқызы тойларды біріктіріп өткізуді ұсынды

Тележүргізуші ысырапшылдықтың соңы ауыр соғатынын айтты