«Қандарын ішем»: Ләйлә Сұлтанқызы салыққа қатысты қауесетке жауап берді
Ол әлеуметтік желіде таралған суретте жалған ақпарат көрсетілгенін атап өткен
Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы салық төлеуден жалтармағанын айтып, мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Ол әлеуметтік желіде таралған суретте жалған ақпарат көрсетілгенін атап өткен.
«Қымбатты оқырманым, әлеуметтік желіде тарап жатқан мына суретті маған жарыса жіберіп жатыр екенсіздер. Өзгелер үшін жауап бере алмаймын. Мен соңғы 5-6 жылда дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, заңды түрде салығымды төлеп отырмын. Бірақ бірден айтайын, менің оборотым мына жерде көрсетілген сомаға сай келмейді. Әрі 2023 жылы 10 шілдеде күшіне енген Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы
Қазақстан Республикасының Заңына сай толығымен жұмыс істеп жатырмын деп сенімді түрде айта аламын. Мен өзім салық, құжат дегендерге бей-жай қарай алмайтын адаммын. Оны көмекшілерім де, заңгерім де, есепшім де растай алады. Кәдімгідей қандарын ішем ғой», - деп жазды тележүргізуші.
Сондықтан да алдағы уақытта салық органдарына жүгініп, міндетті түрде қайта тексерісті талап ететінін айтады.
Салықтан ешкім жалтармайды, жалтармауы да тиіс. Ол әлеуметтік саланың бірден-бір қайнар көзі. Жанашырлық танытып жатқан жандарға да алғыс. Алдағы уақытта салық есептелігінің нәтижесімен міндетті түрде бөлісемін, - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.