freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Фельдшерге шабуыл: Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Қоғам
Фельдшерге шабуыл: Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды
Фото: видеодан скрин

Елордада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшерін ұрған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Медициналық қызметкерге қатысты күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Анықталғандай, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Онда мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Медициналық қызметкерлер қажетті тексеру мен көмекті көрсеткеннен кейін оқиға орнынан кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге соққы жасаған. Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған.
Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айта кетейік, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейтілген. Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу